
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің жанынан құрылған республикалық арнайы мониторинг топ мүшелері Ақтөбеге келді. Кеше кешкілік көшеге шығып, қызметтік көлікті жеке мақсатқа пайдаланғандарды анықтады. Бірнеше көлікті тоқтатып, жолдамасын сұрады. Бірі - Хромтау ауданының әкімдігіне тиісілі. Сағат түнгі 10-нан кейін қала ішінде жүйткіген көлік жүргізушісінің құжаты болған. Алайда бағыты анық жазылмаған. "Дерек тіркелді, шешім қабылдау үшін аудандық әкімдікке хат жолданады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады", - дейді ұйымдастырушылар.
РАФАЭЛЬ ГАСАНОВ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГ ТОБЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазір сағат 22:46. Біз Хромтау әкімдігіне тиесілі көлікті тоқтаттық. Жүргізушінің айтуынша, жолдама берілген, бірақ бағыты жазылмаған, уақыты көрсетілмеген. Көлік көшеде жүр, жанар-жағармай шығыны тіркелді. Мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақытынан тыс кезде де қызметтік көлікті пайдаланады деген шағым түсіп жатыр. Сондықтан рейдке шығып, көз жеткізіп отырмыз.