ШҰҒЫЛ! Ақтөбе облысы көш бастап тұр Толығырақ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетіне жаңа ректор тағайындалды

20:30, 18 наурыз 2017

Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеттің жаңа ректоры тағайындалды. 50 жылдық тарихы бар жоғары оқу орнын профессор Ердембеков басқарады.

Бүгін Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің басшысын ұжымға білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев таныстырды.

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне ректорлық лауазымға 3 үміткер ниет білдірген. Олардың жоғары оқу орнын дамытудағы жоспары арнайы Қадағалау кеңесіне ұсынылыпты. Содан кейін ғана үміткерлер республикалық комиссия алдында таныстырылған. Айтып өткен жөн, оны сенат депутаты Дариға Назарбаева басқарады.

ЭЛЬМИРА СУХАНБЕРДИЕВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жаңа тағайындалған басшының 20 жылдық тәжірибесі бар, жоғары білімді. Еңбек жолын қазақ тілі пәнінің мұғалімдігінен бастаған. Филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков барлық ұжым мүшелерін жемісті еңбек етуге шақырды.

БАУЫРЖАН ЕРДЕМБЕКОВ, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ РЕКТОРЫ

Айтып өткеніміздей, ректорлық қызметке үміткер болғандардың бірі - Қуанышбек Шүнкеев. Көп жылдан бері  жоғары оқу орнында жұмыс істеген оны республикалық комиссия бірінші проректор лауазымына сай деп таныды.  Жаңа тағайындалғандарды құттықтаған өңір басшысы Бердібек Сапарбаев университеттің мүмкіндігін толыққанды пайдалану қажеттігін айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жоғары оқу орындарын дамыту бағдарламасында көрсетілген міндеттердің орындалуын жаңа ректор білім министрлігінің қамқоршылық кеңесімен бірлесіп, жылына төрт рет мониторинг жасайтын болады. 

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Дәрігерлердің үстінен 101 шағым түскен
19:28, 23 қаңтар 2018
Дәрігерлердің үстінен 101 шағым түскен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
00:19, 20 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
Толығырақ...
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
01:16, 19 қаңтар 2018
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
Толығырақ...
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды (ВИДЕО)
14:17, 18 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды (ВИДЕО)
Толығырақ...