ШҰҒЫЛ! "ПАРА БЕРМЕ" НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ

19:26, 9 қыркүйек 2019

2025 жылы латын әліпбиі қолданысқа енгізіледі. Латын графикасының негізі жасалды. Тіпті, ол компьютерге орнатылып, бірқатар сала мамандары тәжірибеден өткізіп көрді. Қазіргі таңда мамандар халық арасында ақпараттық жұмыстар жүргізіп жатыр. Осы мақсатта өңірге арнайы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ербол Тілешов келіп, жаңа реформаны түсіндірді. Қазақ тілінің 42 әрпі латынның 32 әрпіне тең болады. Жаңа әліпбиге 18 әріп сол күйінде көшкен, 15-сі өзгеріске ұшыраған. "Ақтөбе облысының 80 пайыз тұрғыны жаңа реформаны қолдап отыр",- дейді мамандар.Қазақ мектептері латын әліпбиімен оқытылады, ал, орыс мектептері кириллицада қалады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді жетік меңгергендердің саны тұрақты өсуде. "Сондықтан, ата-аналар балаларын орыс мектептеріне бере бастайды деген қорқыныш жоқ",- дейді зерттеуші мамандар.Халықты ақпараттандыру жұмыстары 2020-шы жылға дейін жалғасады. 2021-2024 жылдар аралығында әлеуметтік атаулар түгелімен латын әліпбиіне көшіріледі. Өңірдегі 700-ге жуық мемлекеттік қызметшілермен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері латын клавиатурасын тәжірибе жүзінде сынап көрді.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ЕМХАНАДА 20 ЖАСТАҒЫ КЕЛІНШЕК ҚАЙТЫС БОЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
ЖЕКЕ ЕМХАНАДА 20 ЖАСТАҒЫ КЕЛІНШЕК ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

12:35, 10 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ЖАҢАША ТӨЛЕНЕДІ
Толығырақ...
ӘДЕП БҰЗҒАН БАСШЫЛАРҒА ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ
20:45, 14 қазан 2019
ӘДЕП БҰЗҒАН БАСШЫЛАРҒА ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ
Толығырақ...