ШҰҒЫЛ! Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды Толығырақ

Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілі үшін жасалған игі қадам

19:34, 14 қыркүйек 2017

Бүгін халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының облыстық ұйымының алқа жиыны өтті. Оған жаңа құрамның мүшелері қатысты. Күн тәртібінде Парламент мәжілісінде талқыланған қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуге дайындығы және оны ұйымшылдықпен жүзеге асыруға қатысты пікірлер айтылды. Ұйым мүшелерінің айтуынша, латын әліпбиіне көшу - қазақ тілі үшін жасалған игі қадам. Айтып өтейік, жиында тілдер күні қарсаңында бір топ тіл жанашырларына құрмет грамотасы, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Әрі ардагер журналист Арыстан Аймағанбетовтің 80 жасқа толуына орай құрмет көрсетілді. Бүгінде облыста қоғамның 595 бастауыш ұйымында 120 мыңға жуық мүше тіркелген. Оның 64 мың 709-ы Ақтөбе қаласында. Барлық мүшелердің 28 мың 732-сі еңбек ұжымдарында жұмыс істейді.

ЖАНҒАБЫЛ ҚАБАҚБАЕВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ҚАЗАҚ ТІЛІ" ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Бұл уақыттың өзі туғызған шара. Латын әліпбиіне көшу туралы мәселені Елбасы тәуелсіздік алған алғашқы кезеңнен бастап тұрақты түрде қолға алып келеді. Латын әліпбиіне көшудің біраз дайындық шараларын бастан өткердік. Ғалымдар, тілшілер, жұртшылық, зиялы қауым өкілдері өздерінің пікірлерін ортаға салды. Кеше ғана Парламентте болған тыңдауда теледидар арқылы көріп, көп нәрсеге қанықтық. Мәселенің дер кезінде көтеріліп отырғанына қуандық. ел, халық болып жұмылып, бұл істоі ойдағыдай қолға алып, дер кезінде аяқтаймыз деген ойдамыз

Тақырып бойынша материалдар

Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
00:19, 20 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
Толығырақ...
Ферроқорытпа зауытында мерейтойлық металл балқытылды
18:57, 19 қаңтар 2018
Ферроқорытпа зауытында мерейтойлық металл балқытылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
00:19, 20 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
Толығырақ...
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
01:16, 19 қаңтар 2018
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
Толығырақ...