ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА Толығырақ

"Латынды қолда" Республикалық ақпараттық тобы Ақтөбеде

19:12, 10 қараша 2017

Ақтөбеліктер латын қаріпіне көшуді қолдайды. Бүгін Ақтөбеге "Латынды қолда" республикалық ақпараттық тобы келді. Төл жазуымыздың латын әліпбиіне ауысуының, елдегі осыған қатысты жаңа реформаны түсіндірді. Ақтөбе жұртының Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында атқарып жатқан жұмыстарымен танысты

"Латынды қолда" республикалық ақпараттық тобы Елбасы Жарлыққа қол қойғаннан кейін жұмысын бастады. Топ құрамында танымал блогерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен саясаткерлер бар. Олар бүгін Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің студенттерімен кездесті. Бұған дейін 8 өңірде болған мамандар түрлі әлеуметтік топ өкілдерімен жүздескен. Оған көшу - уақыт талабы. Ел аймақтарын аралағанымызда, көпшілік бұл жаңашылдықты қолдап отыр" - дейді топ мүшелері.

Ал, достық үйінде өткен кездесуге өңірдің зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар, қоғамдық бірлестіктің басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Олар да өз пікірлерін ортаға салды. Топ мүшелері жаңашылдық халық арасында қолдау тапқанымен, латынды енгізудің әдістері мен тәсілдері жөнінде бірқатар сұрақтар бар дейді.

Ақтөбеліктер де тарихи таңдауды қолдап отыр. Олар латын әліпбиіне көшу - өткенімізді қайтарумен тең дейді.  Ақтөбеден ақпараттық топ Батыс Қазақстан облысыда аттанды.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

WIPON АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН ӨНІМДІ  АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ
18:12, 25 қыркүйек 2018
WIPON АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН ӨНІМДІ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...
АҚЫН МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
18:08, 25 қыркүйек 2018
АҚЫН МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
20:08, 21 қыркүйек 2018
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
Толығырақ...
АҚТӨБЕДЕ "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:00, 21 қыркүйек 2018
АҚТӨБЕДЕ "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...