ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

М-1 ЧЕМПИОНДАРЫ АҚТӨБЕГЕ ОРАЛДЫ

14:09, 21 қазан 2019

М-1 чемпиондары Ақтөбеге оралды. Қазанның 18 -19 аралығында Елордада өткен жекпе-жекте Сергей Морозов, Азамат Марқабаев жеңімпаз болды. Тағы бір ақтөбелік  спортшымыз  Нұрбек Кабдырахманов Сочи қаласынан жеңіспен келді. Спортшыларды әуе жайдан жанкүйерлері мен спорт басқармасының басшылары қарсы алды. Таңмен таласып жанкүйерлер әуе жайға жиналды. Әне міне дегенше жеңімпаздар да келді. Естеріңізге салайық Нұр-Сұлтанда өткен жекпе-жек кешінде ақтөбелік 3 спотшы қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген болатын. М-1 CHALLENGE 105 тұжырымында   Сергей Морозов өзінің чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Ол қарсыласы америкалық Джош Реттингхаусты бес раунд бойы соққының астына алды. Ақтөбелік спортшы бұған дейін 18 жепке-жек өткізіп, оның 15 де жеңіске жеткен. 


СЕРГЕЙ МОРОРЗОВ 
М-1 ЧЕМПИОНЫ
- Жекпе-жек алды дайындықтар жақсы өтті. Дайындықтың бірінші бөлігін Шымбұлақта, екіншісін Ақтөбе қаласында жасадым. Барлығы біз жоспарлағандай. Қарсыласым да осал емес. Жылдам спортшы. Оның өткізген әр жекпе-жегін бақыладық. Тактикалық жоспар бойынша әрекет жасап жеңіске жеттім. Бізді қолдаған барлық жанкүйерлеріме алғыс айтамын.  

Сочи қаласында Нұрбек Кабдрахманов 66 келі салмақта спортшы Феодр Бабичті қылқындыру әдісімен жеңді. Ал 61 келіде жұдырықтасқан Азамат Марқабаев грузиялық Бека Гогаладзеден айласын асырды. Кездесудің  2 раундында Азамат қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.  
Шәкірт жеңісі - ұстаз жемісі. Елімізде енді дамып келе жатқан спорт түрінен чемпион атану ол үлкен жетістік деді бапкер Айбек Шоқпытов
Сочиде аралас жекпе -жектен #FNG95 өтті. Оның басты жекпе жегі жерлесіміз Жалғас Жұмағұлов пен  ресейлік Әли Багаутинов арасында өтті. Кездесуге Жалғасқа тиеслі чем Fight Nights Global чемпионы титулы тігілген болатын. Бес раундқа созылған жекеп жекте. біріңғай төешілердің шешімімен Жалғас жеңіске жетті. Жерлесіңміз ертең таңғы төртте Ақтөбеге оралады.

Ерлан Мұқан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...