ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

Мал базарында сауда қызу болды

20:05, 1 қыркүйек 2017

Құрбан айт күндері құла сыртындағы мал базарында сауда қызу жүрді.

Арнайы мейрамға деп мал  базарына облыстың барлық ауданынан мал жеткізілді. Құрбан айтқа ірі қара мал сатып алушылар да көп болды. Ірі қара бағасы 100-140 мыңнан, өгіздер 180 мыңнан сатылды.  Ал тоқтылар 17,  қой 25-35 мың теңге аралығында болды.

Құрбандық шалу жомарттылық,  қамқорлық секілді игі істермен өлшенеді. Әдетте құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе секілді малдар шалынады. Төрт-түліктің дені сау, етті және дене мүшелері түгел болуы шарт.

Құрбан айт мейрамында құрбандық шалып, мал соятын бес алаң жасақталды.  Атап айтсақ, "Есік", "Тандем" серіктестіктері мен Жаңақоныс ауылында, "Кішіқұм" мал союы алаңы және "Айбек" ауылшаруашылығы өндірістік кешенінде. Барлығында да таңертеңнен бері құрбандық шалынып жатыр.

41-ші разъезде орналасқан "Айбек" кешенінде құрбандық шалу бүгін ертемен басталды. Тек түскен дейінгі уақытта 100-ден астам мал сойылды. Оның басым көпшілігі - қой. Келушілер, жүк көліктерімен жеткізілген малдарды таңдап алып, сою алаңдарына апаруда. Онға жуық қасапшы, тегін қызмет етіп жатыр.

Құрбан айт мейрамында негізінен қой, сиыр және түйе малы құрбандыққа шалынады. Әр түліктің өзіндік жас-шамасы да ескерілуі тиіс. Ең бастысы, "шын ниетпен шалу" қажет дейді дін өкілдері. Қазір қаладағы мал сою алаңдарында мешіт қызметкерлері де қызмет етуде. 

Құрбандыққа шалған мал етінің бір бөлігін, жоқ-жітімдерге, тұрмысы төмен отбасылар мен өзге де санаттағы адамдарға беріп жатқандар бар. Ол үшін мұнда қабылдау пункті де ұйымдастырылған. Қала әкімдігінің бірнеше  бөлім қызметкерлерінен құралған топ, етті көмекке мұқтаж, аз қамтылған, көп балалы, мүгедек және көктемгі су тасқынынан зардап шеккен жанұяларға апарып бермек.   

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
17:38, 12 желтоқсан 2018
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
Толығырақ...