ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

18:21, 6 желтоқсан 2018

Әр салаға, қоғамға, жеке адамға қажетті алуан түрлі сауалдар және оған бірінші басшының нақты жауаптары. Бүгін біздің телеарнамызда "Әкім сағаты" жобасы өтті. Тікелей эфир арқылы ақтөбеліктердің сұрақтарына өңір басшысы Бердібек Сапарбаев жауап берді.

Өңір басшысы алдымен 60 жылға жуық тарихы бар "Аqto'be"  телеарнасының жұмысын көрді. Аймақтың айнасына айналған қара шаңырақ алдағы уақытта да көрермендерін жаңа хабарлармен қуантпақ. Қазір, таяу уақытта эфирге шығатын ақтөбелік жастар туралы сериалдың түсірілім алаңы жасақталып жатыр. Таңмен таласа ақтөбеліктердің көңілін көтеретін хабардың студиясы да жаңарды. Сол сияқты "Анаға тағзым" бағдарламасы жақын арада қалың көтермендерге жол тартады. Жасөсіпірмдерді тәрбиелейтін телеакадемия да облыс басшысының назарынан тыс қалмады.

"Әкім сағаты" хабары арқылы облыс әкіміне тікелей сауал жолдауға болатыны туралы көрермен алдын  ала хабардар болды. Арнайы колл орталық құрылды, арнаның ресми сайты мен әлеуметтік желілерде парақшалар арқылы сұрақтар қабылданды. Әкім сағаты хабарына биыл екінші жыл қатысқан облыс әкімі алдымен, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталды. 

Ақтөбе облысының биыл жеткен жетістігі көп. Өндірісте, ауыл шаруашылығында өсім бар. Жаңашыл бағыттар сәтті енгізілуде. Тұрғындардың әлеуіетін арттырататын жобалар, "Нұрлы жер", "Нұрлы жол", "7-20-25" секілді бағдарламалар оң көрсеткіштерге ие. Өңір басшысы жариялаған "Бақытты бала" - айшықты жобаға айналды. Әр саладағы жетістіктер өңірдің басты ерекшелігі деді облыс әкімі.   

Хабар аясында қоғамды, өңір тұрғындарын толғандыратын  сұрақтардың бәрі қамтылды. Әсіресе баспана, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты сауалдар жиі қойылды.

Ал Ақтөбеде тозығы жеткен жолдарды жөндеу келер жылы қарқын алмақ. Жалпы 2020 жылға дейін тек қалада ғана емес, ауданаралық жолдар да түзеледі деді өңір басшысы. Ал, тұрғындарды баспанамен қамту үшін жыл соңына дейін жалпы аумағы 900 мың шаршы метрді құрайтын үй тұрғызылады. Жеке баспана құрылысы үшін 15 мың жер телімі беріледі. Облыс әкімі өзге де өзекті сауалдарға жауап берді.

Әкім сағаты бойы көрермен үздіксіз қоңырау шалды.  Мәселелері  әр саланы қамтыды. Ал осы уақытта колл орталықта жұмыс қыза түсті. Телефондарға маза болмады. Көрермен сұрағын біздің тілшілер қабылдап, таратып, әкімге жеткізіп отырды.

Тікелей эфир барысында облыс аудандарынан сұрақтар көп түсті. Соның ішінде, Еңбекту, Сембай, Нұра секілді шалғай жатқан ауылдардың тұрғындары да өзекті сауалдарын қойып, өңір басшысынан жауап алды. Барлығы 500-ге жуық сұрақ түсті. Оның 400-ден астамы әлеуметтік желілер арқылы қабылданды. Сұрақ пен жауап, тілек пен пікір тікелей  байланыс арқылы тыңдалды.  Айта кету керек, көрермендердің барлық сұрақтары толық тіркелді. Олардың жауабы актобе тв нүкте кз сайтында жарияланатын болады. Сондай-ақ, сұрақтардың шешілуіне қатысты облыс әкімі берген тапсырмалардың орындалуы біздің арна тілшілерінің назарында болады. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
16:48, 14 желтоқсан 2018
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...