ШҰҒЫЛ! ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚТЫ Толығырақ

МЕДИАЦИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

17:56, 9 қазан 2019

Еңбек дауларын сотқа дейін шешу. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының ғимаратында медиация кабинеті ашылды. Пилоттық жобаға ҚР-ның Жоғарғы сотының қолдау танытып отыр. Істі Ақтөбе облысы бірінші болып қолға алды. Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы дау-дамайларды   сотқа дейін шешу  мүмкіндік бар. Әдетте, сот тәртібімен қаралатын мұндай істер бірнеше айға созылып, екі тарапты да титықтатып жіберетін. Енді мұндай жайттар оңай шешілуі мүмкін. Еңбек даулары  арнайы медиативті кабинетте шешілетін болды. Кабинет Тілеу батыр көшесі 9-шы үйдегі облыстық еңбек инспекциясының ғимаратында орналасты. Қазір облыстық еңбек инспекциясында мыңжарымға жуық арыз-шағым осы  еңбек дауларына қатысты.  Мамандар, дау-дамай көбейіп, жұмысшы мен жұмыс беруші өз бетінше бейбіт мәмлеге келе алмай жататынын айтып отыр. Қалалық соттар мен кәсіподақ орталығы, өңірлік медиаторлар кеңесі, халықаралық құқықтық қорғау орталығы мен облыстық еңбек инспекциясы арасында  өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бекіген келісім аясында еңбек дауларының алды алынып, сотқа дейін шешу көзделді.

Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА АВТОКӨЛІКТІ ОНЛАЙН ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ
19:39, 7 сәуір 2020
ЖАҢА АВТОКӨЛІКТІ ОНЛАЙН ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар