ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

МЕДИАЦИЯ - МӘМІЛЕНІҢ БАСТАУЫ

16:54, 8 қазан 2019

"Рухани жаңғыру. Медиация -  Бабалар жолы". Бүгін осындай атаумен  Қазақстан медиаторлар одағы Ақтөбеде семинар өткізді. "Алматы" ауданы ұйымдастырған шара қалалық №55 орта мектепте өтті. Мамандары сотқа дейін дауды қалай реттеу керек екенін түсіндірді. Бітімгершіліктің қыр-сырын айтты. «Дау мұраты - біту». Медиацияның мақсаты - осы. Мәселелерді сотқа жеткізбей, қос тарапты өзара мәмілеге келтіру арқылы істі шешу. 2017 жылмен салыстырғанда биыл 12 мыңға жуық іс сотқа дейін жеткізілмей, осы тәсіл арқылы бітімге келген. Ақтөбе қаласының 10 мектебінде медиация кабинеті бар. Білім ордасында мұғалімдер мен ата-ана немесе оқушылар арасында дау болып жататыны жасырын емес. Сол себепті мұндай кабинеттердің санын көбейту жоспарда бар,- дейді мамандар. Дау көп. Бірақ күрделі мәселені шешетін елімізде кәсіби медиаторлардың саны аз. Осы себепті ассоциацияның ендігі міндеті - кемшілікті жою. Семинарда көпшілік соттың жұмысымен, баспасөз орталығымен,  аталмыш  жүйеде қолданылатын ақпараттық технологиялармен  жүйесімен танысты.

Азамат Әбілқайыр

Тақырып бойынша материалдар

ОГРАНИЧЕННЫЕ  ВОЗМОЖНОСТИ  НЕОГРАНИЧЕННЫХ  ЛЮДЕЙ
19:46, 27 мамыр 2020
ОГРАНИЧЕННЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕОГРАНИЧЕННЫХ ЛЮДЕЙ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар