ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗАҚСТАН "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА КІРДІ Толығырақ

МЕКТЕБІ ЖОҚ АУЫЛ

16:20, 14 қаңтар 2021

Мұғалжардағы Алтынды ауылына жаңа білім ордасы керек. Қазір 100-ден астам оқушы аядай ғана төрт бөлмеде оқып жүр. Бұл да мектеп ғимараты емес, жұмысшылардың үйі. Ауылға барып, тұрғындардың өтінішін тыңдап келген арнаның түсірілім тобы жергілікті биліктің жауабын білді. 

Байлықтың үстінде отырған елдімекен тұр­ғындарының шешілмеген мәселесі шаш етектен. Алтын өндіру алға жылжығанымен, ауылдықтықтардың арманы адыра қалды. Қазіргідей заманда, ғаламтор жоқ, білім алатын шаңырақтың ұсқыны мынау.  
Алтындыдағы ескі мектеп осыдан екі жыл бұрын апаттық жағдайда деп танылған соң, әкімдік осы ғимаратты жалға алыпты. Қуантарлығы - жалдағаны үшін компания ақы сұрамаған. Содан болар, жергілікті билік ауыл балаларына арнап мектеп салуға асықпайтын сыңайлы.    

Алтынды ауылындағы тұрғындардың саны 500-ден асып жығылады. 127 бала мектеп оқушысы. Абырой болғанда пандемия сеп болып, оқушылардың басым бөлігі үйде. Қазір бастауыш сыныптағылар ғана тар бөлмеге тығылысып оқып жүр. Бұл ата-аналардың жанына да аяздай батып отыр.  

Жергілікті биліктің бұған қатысты жауабы дайын болып шықты. Тек тұрғындар сәл шыдамдылық танытса, су жаңа 60 орындық мектептің құрылысын бастаймыз деп сендірді.  

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
20:00, 26 қаңтар 2021
БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар