ШҰҒЫЛ! Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген Толығырақ

Мектеп бағдарламасына «Өлкетану» пәні енгізіледі

16:21, 13 ақпан 2018

Оқу бағдарламасына өлкетану пәні енгізіледі. Бұл үшін мектептердің барлығында өлкенің тарихы, табиғаты, басқа да мәліметтері бар шағын музейлер жабдықталуы тиіс. Ал қаладағы білім беру мекемелерінің басым бөлігінде мұндай музейлер жоқ. Тек, сегіз мектепте ғана бар. Бүгін шығармашылық академиясында өткен семинарда мұғалімдер осы мәселені талқылады.

Өлкетану музейлерінің ашылуы балаларға патриоттық тәрбие беріп, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады дейді мамандар. Бұл міндет Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында да айтылған болатын. Мәселен, нөмірі 26-шы орта мектепте Кеңес Одағының батыры Дмитрий Карбышев атындағы музей жұмыс жасайды. Ашылғанына 40 жыл болған. 400-ге жуық экспонат бар.

Семинарды қалалық жас туристер станциясы ұйымдастырды. Ондағы мамандар бүгінде балалардың танымын арттыру мақсатында экскурсия жұмыстарын, түрлі шараларды жиі өткізеді.

Семинар қатысушылары шығармашылық академиясындағы кабинеттерді аралап, олардың жұмысымен танысты.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
18:51, 16 ақпан 2018
Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар