ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА Толығырақ

Мектеп формасын сақтамайтындар айыппұл төлейді

18:43, 13 наурыз 2018

Ақтөбеде 72 оқушы мектеп формасын кимей, сабаққа орамал тағып барып жүр. Бұл мәселе өңірде әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Жауаптылар да бей-жай қарап отырған жоқ. Салынған айыппұлдар, арнайы кездесулер нәтижесін берді дейді мамандар. ¤

Облыста 134 мың 686 оқушы бар. Оның ішінде қыз балалар саны - 67 мың 193. Жыл басынан бері өңірдің 88 мектебінде оқушы формасын кимейтін 340 бала анықталды. Ақпараттық жұмыстардың нәтижесінде, 268 қыз бала мектептің киім үлгісімен келе бастады, 32-сі өзге облыстарға көшіп кеткен. Ал, мектеп формасынан бас тартқан 72 ата-анаға қазір түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ал, білім саласын бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде балаларын екі тоқсан бойы сабаққа жібермей отырған ата-аналар бар. Олар қыздарының орамалды шешіп жүруіне қарсы екен. Бұл білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына қатысты бұйрығына қайшы. Балаларын мектепке жібермеген 18 ата-анаға бақылау департаменті әкімшілік айыппұл салды. Нәтижесінде, бес оқушы формасын киіп, мектепке барды.

Бұл мәселеге дін істері басқармасының басшысы да жауап берді. Оның айтуынша, ең алдымен отбасындағы тәрбие дұрыс болуы керек.

Заңға сәйкес әр оқушы мектеп формасын сақтауға міндетті. Егер, бұл талап орындалмаса 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Айтып өтейік, орта білім беру ұйымдарында форманың түсі мен үлгісін таңдауды мектеп әкімшілігі мен қоғамдық кеңес шешеді.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

20:08, 21 қыркүйек 2018
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЁТ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАРМЕН ЖАЛҒАСТЫ
19:21, 21 қыркүйек 2018
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЁТ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАРМЕН ЖАЛҒАСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:08, 21 қыркүйек 2018
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
Толығырақ...