ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

16:57, 7 тамыз 2020

Әр аудан орталығында мектеп-интернат болуы қажет. Бұл шалғай ауылдағы, білім ордасы жабылған елдімекендегі балалардың қамы. Қазір Бадамша ауылында 300 орынды мектеп пен 70 орынды интернат салынып жатыр. Құрылыс жұмысы аяқталса, ауыл баласы қала оқушысымен тең жағдайда білім алады. Әлеуметтік нысандардың құрылысын тілшіміз Айбек Намазбаев баяндайды. 
Жаңа мектептің құрылысы өткен жылы басталған. Бүгінде  үш қабатты ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары қалды. Сонымен қатар шалғай ауылдан келіп оқитын 70 балаға арналған интернат бой түзеді. Құрылысқа мемлекеттік бағдарлама арқылы ауыл тұрғындары да тартылған. Қажетті техникалардың барлығы құрылыс басында. Ал материалдар жергілікті өндірушіден алынған. Мектеп пен интернат биылғы оқу жылында пайдалануға беріледі.
ЮРИЙ БАРБУЛАТ
МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ
Қазір құрылыс басында 140-қа жуық адам жүр. Қажетті техникамыз бар, жұмыс барлық бағытта жүріп жатыр. Қарғалы ауданынан 25 адамды жұмысқа алдық. Олар бізге қолқабыс етіп жүр. Негізгі құрылысшылар біздің мамандарымыз. 
Ауданда 300-ден астам адам баспана кезігінде тұр. Сұранысты қамту мақсатында  5 қабатты тұрғын үйдің  құрылысы басталды. Сонымен қатар әр үйдің алдына демалыс орнын, воркаут, футбол алаңдары салынып, балалардың  спортпен шұғылдануына жағдай жасалған. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша,  Бадамша ауылындағы 10 көшеге асфальт төселеді. Сондай-ақ  Бадамша-Степное бағытындағы 43 шақырым жолдың құрылысы жақын арада аяқталады.
20-жыл бұрын әкімшілік, пошта ғимараты болған мекеме, 2009 жылы  балабақшаға берілген. Сол жылдары ішкі әрлеу жұмысы жүргізілген. Ал биыл заманауи үлгідегі құрылыс материалы қолданылып, қасбеті қалпына келтірілді.  100-орындық  балабақшаның құрылысы бір айда аяқталада. Мұнда 28 қызметкер бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...