ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

МӘЛІМЕТТЕРДІ ӨҢДЕУ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ

20:11, 12 қыркүйек 2019

Ақтөбенің шалғай ауылдарын сымсыз интернетпен және байланыспен қамтуды арттыру қолға алынбақ. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысына арнайы жұмыс сапарымен келген «Транстелеком» акционерлік қоғамының басшысы Жанболат Надыровпен кездесті. Кездесу барысында аймақ басшысы цифрландыру бағыты бойынша Ақтөбе облысында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.  "Елбасының тапсырмасына орай, елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жақсы іске асырылып келеді. Бұл бағдарламаның мемлекеттік қызметтің сапасын және халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға зор септігі тиіп отыр. Қазіргі таңда бұл салаға Үкімет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Өкінішке орай, біздің облысымыз кең жолақты интернетпен қамту деңгейі бойынша әлі де жұмыстануды қажет етеді" деді өңір басшысы.

Кездесу соңында облыс әкімі О.Оразалин мен «Транстелеком» акционерлік қоғамының басшысы Ж.Надыров «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясындағы өзара байланысты одан әрі нығайту мақсатындағы екі жақты меморандумға қол қойды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...