ШҰҒЫЛ! МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

Мемлекет басшысы Рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты

17:20, 4 қазан 2017

Бүгін Ақтөбеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысы бірнеше инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандарды көрді. Оның ішінде экономиканың күретамырына айналған өңірдің өнеркәсіп орындары бар. Ол алдымен Ақтөбе Рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты.

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Рельс-арқалық зауытында болды. Мұнда Еуропалық стандартпен сай рельс шығарылады. Рельстер ірі магистрльді жолдарға да арналған. Жоба қуаттылығы бойынша мұнда жылына 430 мың тонна өнім өндіріледі. Оның тең жартысы рельс. Елбасы зауыттың жұмысымен танысып, жас мамандармен тілдесті.

АНТОН  КЛЕМЕНТЬЕВ, АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ

- Дәл қазір зауыт ЭР-65, ДТ-350 рельстерін шығарады. Бұл сапалы өнімдер нарықта жоғары сұранысқа ие. Мұндағы жұмыс өзіме жас маман ретінде өте ұнайды. Біз жұмыс істейтін қондырғылар əлемде ең үздік технология. Зауыттағы əлеуметтік жағдайға жəне еңбек жағдайына ризамыз

Өз кезегінде Елбасы жұмысшы жастармен суретке түсіп, сəттілік тіледі. Ақтөбенің миллион тұрғыны бар қалаға лайықты болуы үшін жасалып жатқан мүмкіндіктерді атап өтті. Осы релсь арқалық зауыты шығарып жатқан өнімнің әлемдік деңгейде нарық сұранысына сай екенін көрді. Бұған зауытқа тапсырыс берушілер қатарында алыс-жақын шет мемелкеттердің болуы дәлел. Кәсіпорын қуаттылығы өзіміздің нарықты ғана емес, көрші елдерді де қамтамасыз етуге жетеді.

ӘЛІБЕК АҚТАЙЛАҚОВ, АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ ЦЕХ БАСШЫСЫ

- 100 және 120 метрлік рельстер жоғары жылдамдықтағы пойыздарға арналған. Қалалар арасына қатынайтын жүрдек пойыздардың жолына сапалы рельстер қажет екені рас. Қазір біз барплық жаңа технологияны меңгеріп жатырмыз. Әмбебап болу және сапаға баса мән беру - біздің зауыттың басты ұстанымы

Айта кетейік, Ақтөбеде шығарылған рельс «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде кең қолданылып жатыр. Алматы-Шу бағытындағы теміржолға ақтөбелік рельс төсенді. Құрық теңіз портының құрылысы мен Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалының құрылысы кезінде отандық өнім пайдаланылды. Ақтөбеден шығарылып жатқан рельстің сапасы жоғары қауіпсіздік талаптарына сай келеді.

Айгүл Байменова

Тақырып бойынша материалдар

 "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
18:59, 16 қазан 2018
"АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
Толығырақ...
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
18:44, 16 қазан 2018
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар