ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТАҒЫ ЖАЛПЫ АХУАЛ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ

20:40, 29 қараша 2019

     Өзбекстан астанасы Ташкентте Орталық Азия елдерінің көшбасшылары бас қосты. 5 мемлекеттен жиналған делегация өңірлік қарым-қатынастарды дамыту жайын талқылады. Осымен екінші рет ұйымдастырылған келелі кездесуге қатысу үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентке арнайы барды. Сонымен қатар, жиынға Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері де қатысты. Бір сағаттан артық кеңескен басшылардың басқосуы кеңейтілген форматта  жалғасты. Күрделі мәселелер өңірде аз емес.  Бүкіл әлем алаңдаулы сын-тегеуріндер бізді айналып өтпейтіні белгілі. Оның үстіне терроризм, экстремизм сынды қауіпсіздікке төнген сын-қатерлер де бірлесе күресуді талап етіп отыр. Өйткені бір елдегі жағдай тұтас аумаққа салқынын тигізуі мүмкін. Сол себептен қауіпсіздікті нығайту - күн тәртібіндегі маңызды мәселе. Экономикалық ынтымақтастық. Сауда-саттық, инфрақұрылым, логистика салаларын қарыштап дамытуға 5 елдің де мүмкіндігі мол. Бірақ, елдер арасында бірқатар түйткіл бар. Өзгелердің қол сұғуына жол бермей, барлық проблеманы ішінара шешкен жөн. Бестік құрам осыған ықыласты. Жиында Елбасы бес тарапты келісім жасасуға шақырды.

СНХ: НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ЕЛБАСЫ: такого договора у нас нет...

Мемлекеттер арасында мұндай форматтағы келісім жоқ. Осы мәселені қолға алып әр елдің мүдделерін ескере отырып бірлескен саяси құжатқа қол қойғанымыз жөн. Сонымен қатар, діни экстремизммен бірлесе күресуіміз керек. Сонда ғана тиімді нәтижеге қол жеткіземіз. Сол себептен келер жылдың І жарты жылдығында қауіпсіздік кеңесінің хатшылығының бірінші отырысын өткізуді ұсынамын. Оған өңір елдерінің барлығы қатысуы тиіс.

 

 

    

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 Оңдасын Оразалин ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешевпен және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің геология комитеті төрағасы Талғат Сатиевпен кездесті.
15:39, 30 шілде 2020
Оңдасын Оразалин ҚР экология, геология және табиғи ресурста...
Толығырақ...