ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

19:06, 1 мамыр 2019

Ақтөбе облысына іс-сапармен келген Мәжіліс депутаттары, "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшелері "Нұр-Ақтөбе" ауданында болып, құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті. Халық қалаулылары Мәжілістің биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыс қортындылары мен жуырда өткен "Нұр Отан" партиясының съезінде айтылған міндеттер туралы түсіндірді. Мердігер мекеме жетекшілерінің сауалдарына жауап берді. Бұдан кейін, "Нұрлы жер" және "7-20-25" бағдарламалары аясында бой көтерген және салынып жатқан үйлерді көрді. Ақтөбе - екі бірдей мемлекеттік бағдарламаны сәтті жүзеге асырып жатқан еліміздегі таңдаулы өңірлердің бірі. Биыл жыл соңына дейін, 1341 пәтерлі 27 аз қабатты несиелік тұрғын үйлер мен 28 мың шаршы метрді құрайтын жалдамалы үйлер салынады. Оның арасында көпбалалы отбасыларға және халықтың осал топ өкілдеріне арналған баспаналар да бар. Құрылыстың көлемін көрген депутаттар атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
15:35, 13 қыркүйек 2019
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...