ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР КІМГЕ БҰЙЫРДЫ?

18:32, 16 тамыз 2019

Көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасы балаларына арналған мемлекеттік грант нәтижелері белгілі болды.  Ұлттық қордың нысаналы траснферт есебінен 180 орынға грант бөлінген болатын. Өтініш берген 154 ақтөбелік талапкердің барлығы да тегін оқу мүмкіндігі ие болды.   Сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінген 100 грант иегерлерін оқытатын жоғары оқу орындары анықталды. Облыс әкімі тағайындаған 100 білім грантын иелену үшін 269 үміткер өтініш білдіріп, құжат тапсырған. Комиссия шешімімен, оның 78-і ғана өңірде сұранысқа ие 15 мамандық бойынша жоғары оқу орнында тегін білім алады. Ал, қалған 22 грант резидентура бағыты болғандықтан нәтижесі тамыздың 25-нен кейін анықталмақ.  Білім басқармасы мамандарының айтуынша,  биыл құжат тапсырған үміткерлердің дені  Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары көрсеткіштерге ие болған. Сондықтан да  грантты бөлу оңайға соқпаған. Өнер, информатика, дін  мамандықтарына талапкерлер құжат тапсырмағандықтан, комиссия құрамы  артылған гранттарды өтініш неғұрлым көп түскен, әрі өңірге қажетті мамандықтар саналатын медицина мен бастауыш және  педогогика мамандықтарына бөлді. Балалардың көрсеткіштері тең келген жағдайда, басымдық "Алтын белгі" иегерлеріне,  жұмыс өтілі бар талапкерлерге, халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпаздарына мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді. Ал, аймақтағы  атаулы әлеуметтік көмек алып отырған және көпбалалалы отбасылар үшін қосымша 180 грант бөлінді. Ұлттық қордың нысаналы трансферт есебінен тағайындалған 180 грантқа 154 бала құжат тапсырған. Құжаттары мен жинаған бал көрсеткіштері бойынша талапқа  сай болған  120 бала осы грантқа ие болды. Дегенмен  комиссия мүшелері  қалған  34 баланың отбасылық жағдайын ескере келе, оларға да жоғары оқу орнында тегін білім алуына мүмкіндік берді.

Гүлдана  Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

"ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
21:20, 22 мамыр 2020
"ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
19:21, 18 мамыр 2020
БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
Толығырақ...