ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

Мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы айтылды

12:49, 10 қазан 2017

Облыс аудандарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға қатысты басқосулар өтуде. Маңызды тақырыпты өзек еткен жиын ойылда да ұйымдастырылды.  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Қайыржан Токушев әкімдік қызметкерлеріне саладағы өзгерістер мен жаңашылдықтарды жеткізді.

Мемлекеттік қызметке және сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған кездесулер алдымен Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округтен басталды. Тұрғындарға тиісті заңның негізгі бағыттары жөнінде баяндалды.    

Осы күні қонақтар ауылда салынған жаңа футбол алаңының ашылу салтанатына қатысты. Әлеуметтік нысандардың жұмысын көрді.

Бұдан соң, Ойылда аудан активі бас қосты. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар баяндалды. Жиын барысында, ойылдықтардың сұрақтарына жауап берілді.  "Құқықтық оқыту" мектебінің маңыздылығы туралы айтылды. Мектеп аудандық әкімдік жанында биыл қаңтардан бері жұмыс істеп келеді.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
16:48, 14 желтоқсан 2018
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...