ШҰҒЫЛ! 500 МЛРД ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЗАМАНАУИ СИПАТЫ

18:43, 16 сәуір 2018

«Мемлекеттік қызметтің заманауи сипаты». Ақтөбелік мемлекеттік қызметшілерге осы тақырыпта дәріс оқылды. Жұмыс сапармен өңірге келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов осы саладағы жаңашылдықтармен бөлісіп, пікірлесті. Халықтық кеңсе мен мамандандырылған  қызмет көрсету орталығының жұмыс барысымен танысты.

Мемлекеттік қызметшілермен кездесу мемлекеттік басқару академиясының облыстық ғимаратында өтті. Мұнда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш қабылданғандарға арналған қайта даярлау курстары өтуде.

Сапар барысында Саян Ахметжанов "Азаматтарға арналған үкімет"- мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған қызмет көрсету  орталығында болып, емтихан кабинеттерін, парктикалық сабақ өтетін автодром, агрегаттарды тексеру бекетін аралап шықты. Қызмет алушыларға жасалған жағдайға ерекше назар аударды.

Мамандандырылған орталықта екі мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 24 терезе жұмыс жасайды. Яғни, мемлекеттік қызмет түрін екі-ақ сағатта алуға болады. 2015-ші жылғы желтоқсанда ашылған орталықта барлық бизнес-үдерістер автоматтандырылған және мемлекеттік  органдардың ақпараттық жүйелерімен байланыстырылған.

Мемлкеттік қызмет түрін алғандардың 15 пайыздайы өзге қала тұрғындары. Онлайн режимін пайдаланушылар қатары артып келеді дейді мамандар. Цифрландыру кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Бұл туралы "халықтық кеңседе" өткен мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесінде де айтылды. Агенттік пен қала әкімдігі бірлесе өткізген іс-шара барысында белгілі болғаны қазір елімізде 745 қызмет түрі көрсетіледі. Оның 500-ден астамын электронды түрде алуға болады.

Мұндай жәрмеңке алдағы уақытта өткізілетін болады. Негізгі мақсат - көпшілік арасында электронды түрде қызмет алудың тиімділігін түсіндіру.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

 ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
19:11, 20 шілде 2018
ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
 АУАНЫ ЛАСТАУШЫ НЕГІЗГІ КӨЗДЕР АНЫҚТАЛДЫ
17:47, 20 шілде 2018
АУАНЫ ЛАСТАУШЫ НЕГІЗГІ КӨЗДЕР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар