Мемлекеттік - жеке меншік әріптестік аясында 62 жоба жүзеге асады

Облыс әкімімен өткен конференция аясында бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік -жеке меншік әріптестік бағдарламасымен салынған бірнеше орталықты аралады.

23:05, 17 шілде 2017   102

Ақтөбеде мемлекеттік- жеке меншік әріптестік байланыс жолға қойылған. Мемлекет жеке бизнеске қолдау көрсетіп, кәсіпкер ел игілігі үшін еңбек етуде. 62 жоба осындай ымыраның аясында жүзеге аспақ. Әлеуметтік - экономикалық маңызы бар нысандардың жұмысы туралы тілші тарқатады. "Мейірім" жастарды әлеуметтік беймдеу орталығы. Бұл журналистер тобы барған алғашқы нысан. Кірпішті ауылында салынған қалашықта бір бөлмелі 80 пәтерлі 4 таунхаус салынған. Үйлердің бірінші қабаты арбадағы мүгедек балаларға арналған. Сондай-ақ, мұнда шаштараз, гүлдер дүкені, аяқ-киім шеберханасы және тігін цехы бар. Бұл орталықта балалар мамандық алып, тәжірбиеден өте алады. Қазір мұнда 16 мен 29 жас аралығындағы балалар үйінің 82 түлегі тұрып жатыр. 

АЙЗАДА ЖАЛҒАСБАЕВА

 -Екі адамнан тұрамыз .Мен қазір оқып жатырмын, екінші курс бітірдім дефектология мамандығы бойынша. Өз мамандығым бойынша дефектолог болғым келеді. Оқуымды бітіргесін көре жатамын.

Ақтөбе қаласы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша пилоттық жобаны бірінші болып қалға алды. "Нұр Ақтөбе" шағын ауданынан жер алып, тұрғын үй кешендерін салуда. Журналистер қарқынды құрылыс аумағына барып көрді. Жобаның алғашқы кезеңінде аз қабатты 423 тұрғын үй салу жоспарланған. Биыл 25 мың шаршы метрлік 194 үй пайдалануға беріледі.

АРНҰР АҚМӘДИ, "АҚТӨБЕ-СӘУЛЕТ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ

 -1 үй 2 подъезді 24 пәтерлі. Қазіргі таңда 2 үйдің қабырғалары көтерілді аяқталуға шамалы қалды 90 пайыз жұмысы атқарылды. Үшінші үйдің кейбір жұмыстары атқрылуда. Осы таңда 1 микрорайон "А" да "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 40 үй салып жатырмыз. 52 үй коттедж. Оның жұмыстары да жүргізілуде.

Тәуелсіздік жылдары жөндеу көрмеген Ақтөбе-Орск бағытындағы тас жолда жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Әзірге Ақтөбе қаласынан Әлімбет шекара бекетіне дейінгі 8 шақырым тас жол төселеді. Межелі іс күзге дейін аяқталуы тиіс. Осы мақсатқа биыл жергілікті бюджеттен 950 млн теңге қарастырылған. Жолдың 8 шақырымы ені 25 метрге жететін төрт жолақты болады және бірінші деңгейлі санатқа енеді.

АЯЗБАЙ ОСМАНҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 -АЗФ-те көп машиналар тұрады. Шойын жолмен вагон келген кезде. Қазір зауыттың қасына вагондар кіретін жерге өткел саламыз, ұзындығы 66 шақырым. Жолдың барлығы 2 300 метр.

Есет батыр атындағы дарынды балаларға арналған мектеп - интернат алдағы уақытта колледж болып өзгертілмек. Онда футбол бөлімі ашылып, болашақ теңбілдопшыларды тәрбиеленеді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін  "Неке" және "Жастар сарайының ғимараттары пайдалануға беріледі. Ал, болашақта бір жарым мың спортшы дайындауға мүмкіндік беретін жекпе-жек күрес сарайы да мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің нәтижесі.

ШАМИЛЬ КАСПРАНОВ, "НЕКТАР" ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

-Мұнда бірнеше жаттығу залдары болады. Спортшыларымыз жарыстарға дайындық өткізеді. Заманауи талаптарға сай. Биыл қазан айынның соңында қолданысқа береміз деп жоспарлап отырмыз. 

Ал өткен жылы пайдалануға берілген "Сымбат" жеке мектебі қазір білім берудің озық үлгісін пайдаланып отыр. Оқытып қоймай, оқушыларды тұлға етіп қалыптастыруды жолға қойған.Осындай ел болашағы үшін салынған нысандардың бірі - оқушылар сарайы. Құрылысы аяқталған нысанды  БАҚ өкілдері барып көрді. Болашақта мұнда  6 мен 18 жас аралығындағы 1000 бала түрлі үйірмелерге қатысып, өнер білімді үйренетін болады. 

Райгүл Еншібайқызы, Аманжол Айтмағамбетов

 

 

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44