ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

МЕМОРАНДУМ МІНДЕТІ - БИЗНЕСТІ ҚОРҒАУ

17:48, 17 қыркүйек 2020

Ақтөбеде көкөніс өсірумен айналысатын голландиялық инвесторға 350 млн теңге заңсыз салық салынған. Және бір жеке кәсіпкер қалалық әкімшілік тарапынан қысым көрген. Компания өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментке шағымданып, мәселе оң шешімін тапты. "Protecting Вusiness and Investments"  бизнесті қорғау жобасы аясында тағы да бірқатар келісімге қол қойылды. 
"Protecting Вusiness and Investments"  - бизнесті заңсыз тексеруден, әкімшілік қысымнан және жемқорлық әрекеттерден қолдау бағдарламасы. Жоба 2 жыл бұрын жұмысын бастады. Оның аясында Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 34 кәсіпкермен келісімге қол қойған болатын. Нәтижесі мынадай: 
БАУЫРЖАН БАЛҒАБЕКОВ
ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А
 Жарқын мысалдардың бірін келтірейін. Голландиялық инвестордың қаржыландыруымен  салынған "Грин Кэпитал Қазақстан" серіктестігі жылыжай кешеніне шетелден жабдықтар әкелген кезде біраз кедергілерге тап болған. Біздің араласуымызбен бизнес иесі  350 млн теңге кеден салығынан босатылды. 
 Ал "Адам деколайт" компаниясын қала билігі "ақылды жаяу жүргіншілер жолағын" орнатуға мәжбүрлеген. Сондай-ақ белоруссиялық инвестор әкімшілік қысымға ұшырап, департамент көмегіне жүгінген. Кәсіпкерлердің шағымы шешімін тапты. 
Бүгінгі таңда Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Беларусь, Нидерланды, Швейцария, Словакия секілді мемлекеттерден келген инвесторлар және  жергілікті кәсіпкерлер  жемқорлыққа қарсы қызметке сенім білдірген. Жобаның тиімділігін ескерген өзге бизнес өкілдері де осындай меморандумға отырды. Бұл жолы жалпы сомасы 8,6 млрд теңгені құрайтын 4 жаңа келісімге қол қойылды.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
21:48, 23 қазан 2020
ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
Толығырақ...