ШҰҒЫЛ! МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

"МЕН ҚАЗАҚПЫН" МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

18:00, 13 маусым 2018

Орталық коммуникациялар қызметінде "Мен қазақпын" халықаралық мегажобасының баспаөз мәслихаты өтті. Көрермен назарын аударған жоба биыл екінші рет ұйымдастырылды. Мамыр-маусым айында 12 ауданда және қала бойынша іріктеу турлары өткен болатын. Жетпіс қатысушының ішінен таңдап алынған жүйріктер облыстық байқауда бақ сынайды.

Дәстүрлі ән, терме, күй көрермен үшін үлкен сый. Былтыр "Qazaqstan" ұлттық арнасы "Мен қазақпын" халықаралық телевизиялық мегажобасын бастады. Үш мыңнан астам ұміткер өнер көрсетті. Енді биыл қайта жалғасқан жобаға Ақтөбе облысынан қатысқан өнерлілер саны көп. 12 ауданнан және облыс орталығынан дәстүрлі ән, терме, күй номинациялары бойынша 30-дан астам өнерпаз іріктеу турынан сүрінбей өтті. Жобаға кәсіби дүлділ әншілер мен күйшілерден бөлек әуесқойлар да қатысты. Дәлірек айтсақ өнері бар күзетші, мұғалім, теміржолшы да байқауда бақ сынады. Олардың музыкалық білімі болмаса да бәсі жоғары.

Қазылар алқасына іріктеуге қатысқандар арасынан жүйріктерді таңдау қиын болды. Енді 33-тің үшеуі ғана республикада өтетін ақтық сында облыстың намысын қорғайды.

Жобаның мақсаты - еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәстүрлі әнші-термеші, күйшілердің өнерін тоғыстырып, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындыларын дәріптеу. Төл өнеріміз - күй, жыр-термені дамытып, заманға сай жаңашаландырып, өскелең ұрпаққа насихаттау. Облыстық деңгейдегі қорытынды байқау Ақтөбе қаласында 17 маусым күні өнер орталығында өтеді.

Ерлан Мұқан

Тақырып бойынша материалдар

 "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
18:59, 16 қазан 2018
"АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
Толығырақ...
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
18:44, 16 қазан 2018
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар