ШҰҒЫЛ! МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

«MEN QAZAQPYN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕГА ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

17:56, 16 мамыр 2018

"Қазақстан" ұлттық арнасының ұйымдастыруымен "Мен қазақпын" халықаралық мегажобасы биыл тағы да жалғасын тапты. Қазір ел бойынша байқаудың екінші маусымына іріктеу кезеңі басталды. Оған 18 бен 40 жас аралығындағы өнерпаз үміткерлердің қатысуына толық мүмкіндік бар. Біздің облыста іріктеу кезеңдері әр ауданда жүргізіледі.

"Қазақстан" ұлттық арнасы «Men Qazaqpyn» халықаралық мегажобасының екінші маусымын бастады. Байқау еліміздің әрбір аймағында өткізіледі. Ал, іріктеу кезеңдері аудан орталықтары мен ауылдарда ұйымдастырылады. Одан өткен жеңімпаздар облыстық байқауға өтіп, бақ сынасады.

Ұлттық арнаның ауқымды жобасына оның аймақтардағы филиалдары белсене атсалысуда. Байқаудың негізгі мақсаты - еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәстүрлі әнші-термеші, күйшілердің басын бір арнада тоғыстырып, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындыларын дәріптеу. 

Байқаудың екінші маусымына іріктеу кезеңдері Ақтөбе облысында 12 ауданның орталықтарында өткізіледі. Қызалар алқасы мамыр мен маусым айларында жергілікті жерлердегі үміткерлердің өнерлерін бағамдап, үздіктерін облыстық сайысқа жолдайды. Аймақтық деңгейдегі іріктеу - 17 маусымда өнер орталығында өтетін болады.

Айта кетейік, ұлттық өнердің ұлықтаған халықаралық мегажоба былтыр алғаш рет ұйымдастырылып, күй, терме, дәстүрлі ән номинациялары бойынша өткізілген болатын. Оған үш мыңнан астам үміткер қатысты. Күй бағытында жерлесіміз Ардақ Елеусіз бас жүлдені жеңіп алды. Сондықтан да байқаудың келесі маусымында да ақтөбеліктер жеңістен көрінеді деген үміт бар.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

 "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
18:59, 16 қазан 2018
"АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
Толығырақ...
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
18:44, 16 қазан 2018
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар