ШҰҒЫЛ! ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Толығырақ

"МЕN QAZAQPYN" ЖОБАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

18:13, 12 маусым 2018

"Мен қазақпын" мега жобасының қалалық кезеңі аяқталды. Дәстүрлі ән, терме, күй номинациясы бойынша Ақтөбе қаласының өнерпаздары қатысып, арасынан үзік деп танылған үш үміткер облыстық айналымға жолдама алды.

Ұлттың үні мен дәстүрін, тағылымы мол мұрасын дәріптейтін "Мен қазақпын" мега жобасының қалалық іріктеу сынына 7 өнерпаз қатысып, бақ сынады. Күміс көмей әншілер ел жадында қалған дәстүрлі әндерді жаңғыртып, шын мықтыны анықтады. 

Дәстүрлі ән бағыты бойынша НҰРЖАН МЕЙІРХАН,  СЕРІК МАХУОВ облыстық кезеңге өтті. Нұржан Мейірхан жобаның іріктеу сынында Мұхиттың "Кіші айдайы" мен халық әні "Қалқатайды" орындады. Ұлттық өнерді насихаттап жүрген жас өрен жобаның облыстьық сынына өткеніне дән разы. 

Қатысушылардың арасында ең мықты термеші атағына 4 өнерпаз таласты. Нәтижесінде Тұрмағамбеттің "Тәлімін" нақышына келтіріп орындаған Динара Шынарбайдың бағы жанды. 

Төл өнерді ұлықтаған "Мен қазақпын" мега жобасының екінші науқаны мамыр айында облыс көлемінде бастау алған болатын. Енді 12 аудан мен қалалық іріктеуден өткен қатысушылар 17 маусым күні Өнер орталығында бақ сынайтын болады.

Ерлан Мұқан

Тақырып бойынша материалдар

"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
18:54, 22 маусым 2018
"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕ...
Толығырақ...
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
18:19, 22 маусым 2018
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
19:25, 20 маусым 2018
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Толығырақ...