ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

МЕРЕЙТОЙДА ЖАҢА НЫСАНДАР АШЫЛДЫ

21:59, 7 қазан 2019

Батырлар мекені - Қобда ауданы тоқсан жылдық торқалы тойын атап өтті. Мерейтой аясында аудан оталығында бірнеше нысандар ашылды, Калиновка ауылына көгілдір отын берілді. Қобданың өзінде жаңадан салынған екі қабатты тұрғын үйден мұқтажжандар пәтер алды. Қобданың іргесіндегі Калиновка ауылы үшін бұл күн қос мереке. Ауылға көгілдір отын келді. Күл шығарып, отын тасыған бейеттен құтылған Калиновкада қазір 1200 тұрғын бар. Суы келді, газ бар. Енді келесі жылы кіреберіс жол жөнделмек.Ауыл ішілік құбы салу жұмыстары өткен жылы басталған. Жалпы ұзындығы 23 шақырым.Айта кету керек, бүгінгі күні Қобда ауданы халқының 47 пайызы көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Енді алты ауылға газ жеткізу жоспары бар. Нәтижесінде 2025 жылы аудан халқының 80 пайызы газбен қамтылады.Қобдада тұрғын үй мәселесіне де ерекше мән берілген. Қазір басрана кезегінде 268 адам бар. Оның ішінде 24 көпбалалы отбасы жыл соңына дейін баспана алады. Қобданың жаңа бөлігінде салынған екі қабатты 8 пәтерлі үйдің берілуі 90 жылдық мерейтоймен тұспа-тұс келді. Облыс әкімі мұқтаж отбасыларға пәтер кілттерін табыстады.Бұдан соң, облыс әкімі тыл ардагері Ғайнижамал махамбетованы ауданның 90 жылдық тойымен құттықтады. Қобданың түйдей құрдасы соғыс жылдары мал баққан, өзінің саналы ғұмырын еңбекке арнаған. Өзін құттықтай келген өңір басшысына қария батасын берді.Осы мерекеде Шәріп молда мешітінің іргесінде "Руханият әлемі" аллеясы ашылды. Мұнда Қобда өлкесінде дін жолында қызмет қылған ишан, хазір, ахундардың есімі жазылған белгі тастар орнатылды. Облыс әкімі осы алаңда және білім қызметкерлері саябағында тал отырғызды. Көпшілік бұл орынның ұрпаққа берер тәлім-тәрбиелік маңызы зор дейді.Ал мәңгілік ел саябағында Қобда өңірінің дамуына еңбек еткен адамдардың тізімі жазылған "ауданның еңбек иелері" естелік тақтасы ашылды.Сондай-ақ, осы күні "Бизнестің жол картасы" бюағдарламасы аясында ашылған "Маяк" жол бойы қызмет көрсету орталығының жұмысы да таныстырылды.

Тақырып бойынша материалдар

АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
19:52, 22 қазан 2019
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...