ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 16 ҮЙ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТҰР Толығырақ

"МЕРГЕН АРУ" БАЙҚАУЫ

19:30, 14 қыркүйек 2018

Қобда ауданының күндері аясында Ақтөбедегі нөмірі 55-ші мектепте "Мерген ару" байқауы өтті. Елорданың 20 жылдығына арналған шараға Кеңес Одағаның Батыры Әлия Молдағұлованың аттастары, яғни 20 Әлия қатысты. Сондай-ақ, Сақтаған Бәйішев атындағы кітапханада қобдалық жас ақынның алғашқы өлеңдер жинағының таныстырылымы өтті.

Қобда ауданының күндері аясында әдеттегі дәстүрден жаңылмай, Әлия Молдағұловаға арналған патриоттық конкурс өтті. Заречный елдімекеніндегі 55-ші мектепте мергендер сайысы өтті. Оған Әлия есімді 20 қыз бала қатысты

"Мерген ару" байқауының қатысушылары жүлделер, сыйлықтар алды. Мерген қыздардың арасында Әлия Молдағұлова да бар. Ол батыр қыздың туысы емес, бірақ есімі мен тегі өзіне зор жауапкершілік жүктейтінін айтады.

Бұдан соң, Қобда күндері Сақтаған бәйішев атындағы кітапханада жалғасты. Мұнда қобдалық ақын жігіт Арман Қабыловтың алғашқы өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті. Оның жарық көруіне депутаттар, ауданның азаматтары демеушілік жасаған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар