ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

МӘРТӨК АГРАРШЫЛАРЫ МОЛ ӨНІМ АЛДЫ

09:36, 6 қараша 2019

Биыл Мәртөк ауданының шаруа қожалықтары күзгі науқан басталысымен егінге орақ салып, 1 гектар алқаптан 12-13 центнерден астық алды. Жылдағыдан мол өнімге кенелген мамандар, ірі қара малдың да санын көбейтті. Егістік алқабының орта көрсеткіші бойынша аудан облыс өңірлерінен алдыңғы қатарда тұр. Мәртөкте өткен "Алтын күз - 2019" ауылшаруашылық конференциясында осы жылдың жұмысы қорытындыланды. Мәртөк ауданында ауыл шаруашылығының  барлық түрі қамтылған. Мал ұстап, өнім алады. Тұқым салып, егін жинайды. Бау-бақша өсірудің де игілігін көріп отыр.  Аудан шаруалары өнімдерін жәрмеңкеге әкелді. Ауданда 9 айда 19 млрд теңгеге өнім алынды. Ісі өрге басқан шаруалар мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, техникаларын жаңартты. Биыл бұл аймақта 800 млн теңгеге трактор, комбайн, егіс егу, суару құрылғылары мен өзге де техникалар алынды. Мал басының артуына байланысты жем-шөпке де сұраныс көп. Ауданда мал азығын өңдейтін орын ашылмақ.  Мәртөк ауданында 35 шаруашылыққа 22  млн теңге субсидия берілген. Өсімдік шаруашылығын дамытуға 64 млн теңге бөлінген. Қаражаттың жартысына гербицид пен тыңайтқыштар алынды. Бұл ауданда өндіріс орыны жоқ. Есесіне ауыл шаруашылығы дамыған,  бұл істі одан әрі жандандыру қажет. Ол үшін бар шаралар қолға алынбақ.     Мәртөктік кәсіпкерлер ауыл шаруашылығының бірнеше түрін қатар алып жүр. Мал өсірсе, егін салады. Суармалы алқапты да дамытып, дәстүрлі емес шаруашылыққа да ден қоя бастаған. Конференцияда олар мұнымен шектеліп қалмай, жан-жақты тәжірибелерге көңіл бөлгендерін айтты. Шарада ауданның еңбекқор азаматтарына ҚР Ауылшаруашылық министрінің алғыс хаттары табысталып, облыс және аудан әкімшіліктерінің  марапатына ие болды.    

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА 112 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН
14:15, 15 қараша 2019
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА 112 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН
Толығырақ...
АҚТӨБЕДЕ ӘДЕБИЕТКЕ АРНАЛҒАН ДҮБІРЛІ ШАРА БАСТАЛДЫ
13:23, 14 қараша 2019
АҚТӨБЕДЕ ӘДЕБИЕТКЕ АРНАЛҒАН ДҮБІРЛІ ШАРА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ ПЕН СЕРГЕЙ МОРОЗОВ JASTAR-ҒА КЕЛДІ
12:22, 9 қараша 2019
ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ ПЕН СЕРГЕЙ МОРОЗОВ JASTAR-ҒА КЕЛДІ
Толығырақ...
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...