ШҰҒЫЛ! 969 адам жұмыспен қамтылды Толығырақ

Мәртөк ауданында әлеуметтік нысандар бой көтермек

16:35, 12 қыркүйек 2017

Мәртөк ауданының Родниковка, Сарыжар және Вознесеновка ауылдарында балабақша, мектеп салынады. Бұл туралы бүгін "Ақтөбе-ақпарат" орталығында өткен баспасөз-мәслихатында аудан әкімі Нұржауған Қалауов мәлімдеді. Сондай-ақ, мемлекет пен жеке меншік әріптестігі аясында да бірқатар нысандардың құрылысы басталған.

Мәртөк өнеркәсіпке маманданған аудан. Мәртөктің сүті, Мәртөктің тұшпарасы тұтынушысын тапқан нарықта орны бар тауарлар. Аудан әкімі БАҚ өкілдері алдында өткен сегіз айдың қортындысын қысқаша мәлім етті. Ауданда сегіз ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Бизнес саласында үш жарым мыңнан астам адам еңбек етеді. Тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасы жүзеге асып, бірқатар әлеуметтік жобалардың тұсауы кесілген. Тек биылдың өзінде мемлекет пен жеке меншік әріптестігі аясында Вознесеновка және Родниковка ауылдарында амбулаторияның құрылысы басталған. Ал, Сарыжарда 100 орындық балабақша бой көтермек. Соңғы аталған екі елдімекенде бірер айда жаңа мектептер де пайдалануға беріледі.

Мәртөк әрі астықты өлке ретінде ауыл шаруашылығы алға жылжыған аудан. Қазір егінге орақ түсіп, науқандық  жұмыстар жүргізілуде. Биыл аудан жылдағыға қарағанда егіс алқабын 8,6 мың гектарға ұлғайтты. Түсімі жаман емес. Әр гектарынан орташа есеппен 12 центнерден жиналып жатыр. Арпа-бидан және өзге де дақылдардан басқа мал азығы молынан алынуда.  

Білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау және өзге де салалардағы жұмыстар жөнінде айтқан аудан әкімі, биыл "Дипломмен ауылға " бағдарламасы бойынша ондаған жас маман келгенін атап өтті. Қаладан елдімекендерге қоныстандыру бағытындағы жұмыстың да сәтті жүріп жатқанын жеткізді.

Әнуарбек Мырзатайұлы, Мейіржан Аманжолов

Тақырып бойынша материалдар

12:51, 24 қараша 2017
Жер телімдерін жалға беру аукционы өтеді
Толығырақ...
"Нарқыз" дастаны тұңғыш  рет сахналанды
12:47, 24 қараша 2017
"Нарқыз" дастаны тұңғыш рет сахналанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...