ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

МӘСЕЛЕ - БИЛІК НАЗАРЫНДА

19:55, 18 қазан 2019

Өңірдегі ең өзекті мәселе - жол. Қазір ауданаралық бағыттарды былай қойғанда, қала аумағындағы жолдардың өзі сын көтермейді. Осылай деген облыс әкімі жөндеуі жоспарланған қала жолдарының жайын көрді. 2020 жылы Бөкенбай батыр көшесінде жүргізілетін орташа жөндеу жұмыстарының жоспарымен, және Елек өзені арқылы өтетін көпірдің , Ақжар тас жолы бойындағы автожолдың жай-күйімен танысты. Елек өзені арқылы көпірдің көлемі екі есеге кеңейтіліп, Ақжар тас жолы бойындағы автожолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оңдасын Оразалин осы мәселені ыждағаттап шешу үшін жобалық сметалдық құжаттама әзірлеуді тапсырды.Бұдан соң, облыс басшысы жаңадан салынған "Арлан" спорт кешенін аралап, жаттығу бөлмелерін көрді. Күніне 400 адамның спортпен айналысуына толық мүмкіндік қарастырылған. Кіші футбол, волейбол, баскетбол, таэквандо, дзюдо, би залдары, бассейн жұмыс жасайды. Ақтөбелік жеке кәсіпкер Бақыт Бекеев 2018 жылы Заречный-3 тұрғын үй алабынан спорт кешенін салуды бастап биыл толық аяқтады.Облыста тұрғындарды жаппай салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жастарды спортқа бейімдеу мақсатында облыста көптеген спорттық кешендер бой көтеруде. Спортпен шұғылдануға ниетті ақтөбеліктердің саны күн санап артып келеді.

Ерлан Мұқан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...