ШҰҒЫЛ! Ақтөбе облысы көш бастап тұр Толығырақ

Мәжіліс депутаттары кездесу өткізді

19:54, 10 қаңтар 2017

Мәжіліс депутаттары Алға ауданында болып, ардагерлер кеңесі мен мүгедектер қоғамының мүшелерімен кездесті.

Алдымен Алға қаласындағы нөмірі үшінші мектепте кездесу өткізді. 960 орындық қазақ орта мектебі елу жыл бұрын салынған Қазір мұнда 1186 оқушы білім алады. Мектептің мәжіліс залында депутаттар аргерлермен, мұғалімдермен, аудан белсенділерімен кездесті. Елдегі саяси ахуал, әлемдік кеңістіктегі Қазақстанның айшықты орны, өндіріске бет бұрған экономика, жұмыссыздықпен күрес туралы кеңінен әңгімеледі.

БАҚТЫҚОЖА ІЗМҰХАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Жиналыстан соң депутаттар «Ақтөбе ет кластері» серіктестігіне барып, жүргізіліп жатқан жұмыстың жай-күйімен танысты. Серіктестік 2015 жылдың желтоқсан айында құрылып, қазір 114 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өткен жылы комбинат 1686 тонна ет өндіріп, өзіміздің нарықта сатылымға шығарды және көрші Ресей облыстарына экспорттады. Серіктестік сиыр етін, салқындатып бөлшектелген етті және вакуумды қаптамадағы жартылай дайын өнімдерді өндіреді.

Тақырып бойынша материалдар

Дәрігерлердің үстінен 101 шағым түскен
19:28, 23 қаңтар 2018
Дәрігерлердің үстінен 101 шағым түскен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
00:19, 20 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
Толығырақ...
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
01:16, 19 қаңтар 2018
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
Толығырақ...
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды (ВИДЕО)
14:17, 18 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды (ВИДЕО)
Толығырақ...