ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТАҒЫ ЖАЛПЫ АХУАЛ Толығырақ

МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

16:31, 14 қаңтар 2020

Мемлекеттік БАЖ салығынан босатылған мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы бұзылды. Облыс прокуратурасы бірнеше заңсыздықты анықтады. Мәселен, өткен жылы екінші топ мүгедегі жылжымайтын мүлікті рәсімдеді. Сол кезде 60 мың теңге салық төлеген. Осы жолмен облыста барлығы 3 миллион теңгеге жуық салық қате есептелген. Прокуратура 2 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанның құқығын қорғау, заң бұзушылықтарды жою және қолданыстағы заңнама талаптарын тиісті деңгейде орындауға тапсырма берді. Қателікті мемлекеттік кірістер департаменті жіберген. Енді мүгедектер төлеген салықты қайтарып алады. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар