ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАР БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

19:30, 15 мамыр 2019

Көпбалалы отбасылар, жалғыз басты әкелер мен аналар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар 2 пайыз жеңілдікпен баспаналы бола алады.  Алғашқы жарнаға мұқтаждар үшін ақтөбелік жомарт жандар қомақты қаражат бөліп отыр. Бұл туралы бүгін  Халықтық кеңседе көпбалалы аналармен кездескен қала әкімі Ілияс Испанов мәлімдеді. 

"Нұр Отан" партиясының сьезінде Елбасы тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырған болатын. Әкімдіктің табылдырығын тоздырған аналарды бүгін қала басшысы ақжолтай хабармен қуантты.  "Қолқанат" қорына атымтай жомарт жандар 20 млн теңге қаражат аударған. Бұл қаржы 70 мұқтаж отбасының алғашқы жарнасын төлеуге жаратылмақ. 
Аталған 3 санатқа енген отбасыларға 2 пайыз жеңілдікпен тұрғын үй беріледі. 1 бөлмелі пәтерге қол жеткізу үшін "Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің" талаптарына да сай болу қажет. 
ЖЕДЕЛБЕК  МЫРЗАҒАЛИЕВ /"ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ"  АҚ АОФ ДИРЕКТОРЫ 
-Ең бастысы,  атына тіркелген жылжымайтын мүлігі болмауы тиіс. Алғашқы жарна төлеу қажет.  Кемі алты ай жұмыс істеуі керек. Және , өзге банктерде кредиттерін кешіктермей, уақытында төлеген салымшыларға  бірінші кезекте пәтер беріледі

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:32, 24 мамыр 2019
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:50, 21 мамыр 2019
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...