ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

16:53, 8 қазан 2019

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы бойынша жұмыс тобы Әйтеке би ауданына қарасты Қарабұтақ ауылында да болды. Халықты жинап, Президент Жолдауында көтерілген мәселелерді, бала тәрбиесіне қатысты сұрақтарды бірігіп талқылады. Бұдан бөлек, жағдайы төмен жандардың үйлеріне барып, тұрмыстарын көрді. Көмек берді.  Айсұлу Файзулова Қарабұтақ ауылында тұратын көпбалалы ана. Жеті баласын, қарт әкесін жалғыз өзі асырап отыр. бір-екі бас малы бар. Бүгін оның үйіне келген ақпараттық топ өкілдері малына шөп түсіріп беруге ықпал ететін болып келісті. Оның дәлелі ретінде қаражат сертификатын табыстады. Бұдан өзге тағы екі отбасыға материалдық қолдау көрсетілді. Жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету, атаулы әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау бойынша жұмыстардың ауылда қалай жүріп жатқанын білу мақсатында ақпараттық топ мүшелері үшінші топ мүгедегі, жалғыз басты әйелдің үйіне де барды. Екі баланың анасының ескі үйі тұрмысының мәз еместігін, мұқтаждығын көрсетті. Оған құжаттарын жинап, материалдық төлем алуы үшін қолдау көрсетеміз деп уәде етті. Бұдан соң, ақпараттық насихат тобының мүшелері Қарабұтақ ауылында халықпен кездесу өткізді. Президент Жолдауының мазмұн-мәні талқыланды. Тұрғындарды мұғалоім мәртебесі, зейнеткерлерге жасалатын жағдай, ұрпақ тәрбиесі сияқты мәселелер қызықтырды.

Тақырып бойынша материалдар

АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
19:52, 22 қазан 2019
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...