ШҰҒЫЛ! ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР БЕЙНЕСІ Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫ ҚОЛДАУ

19:19, 13 ақпан 2020

 Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау бар. Мәншүк Мәметова атындағы жоғары медицина колледжі,  "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы мен  қаладағы стоматологиялардың бірі  үшжақты келісімшартқа қол қойылды. Енді арнайы күтімді қажет ететін студенттер тегін тәжірибе жинап, жұмысқа орналаса алады. Жаңа мүмкіндіктер жайын тілшіміз айтып береді. Қандыағаш қаласының тумасы Мөлдір Мұратова Мәншүк Маметова атындағы жоғары медицина колледжінің 2-курс студенті. Тіс технигі мамандығын меңгерген ол қаладағы стоматология кабинетінің бірінде өндірістік практикадан өтіп жатыр.  Бала кезінен дизайнерлік кәсіпті армандаған студент анасының кеңесімен тіс дәрігері болуды ұйғарыпты.  Енді білім алып, тәжірибе жинаған мамандығы бойынша жұмыс істеуді жөн көреді. 
МӨЛДІР МҰРАТОВА 
СТУДЕНТ
 Мен өндірістік тәжірибеден өтіп, біліктілікті арттыруға мүмкіндік берген адамдарға зор ризашылығымды білдіремін. Өзімді жақсы жағынан көрсетуге тырысамын. Жаз мезгілінде тағы тәжірибе жинақтап, диплом алғаннан кейін осы жерде жұмыс істегім келеді. Өзіме осы сала ұнайды. 

Колледждегі мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауды мақсат еткен  жоба 2014 жылы бастау алған. Өткен жылы көру қабілеті нашар 32 студент оқуын тәмамдап, 30-ы жұмыспен қамтылды. Дуалды оқыту жүйесі негізінде студенттердің ақысыз білім алуына жағдай жасалған. Қазір есту қабілеті нашар 5 студент тіс технигі, көру қабілеті нашар 6 адам уқалаушы мамандығын меңгеріп жүр. 
Қаладағы стоматология кабинеттерінің бірі үшжақты келісімшарт аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды тәжірибеден өткізіп, кейін барлығын жұмыспен қамтуға әзір. Тек түліктердің ынтасы болса жеткілікті.  

Әсем Самбаева

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
19:51, 29 мамыр 2020
ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар