ШҰҒЫЛ! "ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ

15:11, 17 қыркүйек 2020

 Карантиннен кейінгі кездесу. Бүгін мүмкіндігі шектеулі жандар алты айлық үзілістен соң алғаш рет басқосты. Әңгіме-дүкен құрды, спорттық ойындар ойнады. Танымдық басқосу кезінде алдан шыққан сұрақтарын қойып, шешу жолдарын қарастырды. Қала шетіндегі демалыс орталығында өткен келелі кездесу жайын тілші тарқатады. 
Ерекше жандарға - ерекше құрмет. Бүгін еріктілер мүмкіндігі шектеулі жандардың карантиннен кейінгі кездесуіне көмектесті. Көліктен түсуіне қолқабыс беріп, арбасын сүйреді. Бірнеше ай бойы үйде отырып қалған жандар үшін көптен күткен кездесудің маңызы зор. Олар амандасты, бой сергітіп, жаттығу да жасады.
Ян Сова - туа бітті сал ауруына шалдыққан. "Ол сөйлемесе де айналаны жан-тәнімен түсінеді" дейді анасы. Алғашында қиын болды, кейін сабыр мен төзімнің арқасында бәрін жеңді. Қазіргі кезде басқосулардан қалмай, тағдырлас адамдармен пікір алмасып тұрады.  
СВЕТЛАНА  СОВА
ЯННЫҢ АНАСЫ
 Алғашында қиын болғаны рас. Қазір өзіміз секілді жандармен хабарласып, бір-бірімізге ақыл кеңес беріп тұрамыз. Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы көп көмектесті. Мұнда көтерілген мәселелер ауқымды әрі салмақты. Кей кезде ұсынысымыз қолдау тауып, заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Бірер ұсынысымыз да бар. Қарапайым ғана пандус мәселесі шешімін таппай келеді. Адам басына түспегенсін түсіне бермейді. 

Облыста 27 мыңнан астам ерекше күтімді қажет ететін жан бар. Олардың бәрі бірдей белсенді емес. Арасында өз-өзін қоғамнан алшақ ұстап, байланысты үзгендер де бар. Көңілі алаң адамдар үшін мына топтың күш беріп, жігерін арттырары сөзсіз. 1-ші топ мүгедегі Темірбек Матаев та бір кездері осы орталыққа келіп, өзгелермен араласты. Бүгінде ең белсенді мүшесі. 
Мүмкіндігі шектеулі жандар ой-пікір алмасты, көңіл сергітетін ойындар ойнады. 
Айта кетейік, өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғап, қолдауға арналған 10-нан астам қоғамдық бірлестік бар. Бірі балаларды қамқорлығына алса, екіншісі жастардың дамуына үлес қосып жүр. 
Гүлдана Қаленқызы

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІК ДӘРІГЕРЛЕР ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ ЕМДЕЙТІН ЖАҢА ӘДІСТІ ҚОЛДАНДЫ
20:12, 28 қазан 2020
АҚТӨБЕЛІК ДӘРІГЕРЛЕР ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ ЕМДЕЙТІН ЖАҢА ӘДІСТІ ҚОЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
21:48, 23 қазан 2020
ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
Толығырақ...