ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Толығырақ

Мұнай ұрлығына қатысты сот отырысы басталды

19:33, 20 қараша 2017

Ақтөбеде мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот процесі басталды. Таң сәріден мамандандырылған ауданаралық сотының ғимараты қоршауға алынып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Басты айыпталушы - "Ағайынды төртеу" лақап атымен танымал топтың серкесі Еркін Ізбасар. Арбаға таңылған ол бірнеше жылдан бері жанына сыбайластарын жинап, қылмыстық топты басқарып келген. Олардың арасында бұрынғы криминалдық полиция басқарма бастығының орынбасары, полковник Рахат Аханов та бар. Алдын ала тыңдауда адвокаттардың қолдау хаты қаралып, істі қарайтын күні анықталды. Негізгі тыңдау бесінші желтоқсан күні мамандандырылған ауданаралық сот ғимаратында ашық түрде өтеді.

АНАР АЙТЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

- Қылмыстық сотқа 26 адам тартылған. Олар қылмыстық топты құрғаны және оған қатысқаны үшін, қару-жарақты заңсыз сақтап, ірі көлемде заттар және заңсыз мұнайды ұрлап, құжатсыз сақтағаны үшін айыпталып отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСТАР ҚЫЛМЫСЫ ҚОҒАМДЫ АЛАҢДАТЫП ОТЫР
19:56, 22 қаңтар 2019
ЖАСТАР ҚЫЛМЫСЫ ҚОҒАМДЫ АЛАҢДАТЫП ОТЫР
Толығырақ...
МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ - ПАРЫЗ
18:27, 22 қаңтар 2019
МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ - ПАРЫЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
19:19, 16 қаңтар 2019
ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...