ШҰҒЫЛ! Оқушылардың ас мәзіріне енді ара балы қосылады Толығырақ

Мұнай жабдықтары зауыты іске қосылды

18:29, 6 желтоқсан 2017

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Елдің жаңа индустриялануы: қазақстандық барыстың серпілісі" тақырыбында өткен жалпыұлттық телекөпірде іске қосылған жобалардың екеуі Ақтөбе облысына тиесілі. Оның бірі "қазақстан мұнай жабдықтары" зауыты. Енді мұнда жылына 50 мың тонна өнім шығарылатын болады.

"Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты" бүгінгі жалпыұлттық телекөпір барысында іске қосылған ірі кәсіпорындардың бірі. Өнімі негізінен қара алтын мен көгілдір отын өндіруде аса қажет. Бұрғылау жұмыстары кезінде қолданылатын құбырлар енді осында шығарылады. Қазірдің өзінде, өнімді жеткізу жөнінде үлкен компаниялармен келісім-шарт жасалған. Оның арасында, "Өзенмұнайгаз" және "Қазақойл Ақтөбе" секілді өндіріс орындары бар. Әзірге кәсіпорынның алғашқы кезеңі ғана іске қосылды.

АНАР  КАШЛАЕВ, "ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ЖАБДЫҚТАРЫ ЗАУЫТЫ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ

- Біздің компанияда қазір 124 адам жұмыс істейді. Келер жылдың көктемінде тағы да бір жобаны іске асыру көзделіп отыр. Сол кезде жұмысшылардың саны да өсетін болады. Әрі өндірістің қуаттылығын арттыратын боламыз.

Бұл өндіріске тартылған инвестицияның жалпы көлемі - 5,5 млрд теңгені құрайды. Шегендеу құбырлары мен сорғылау-сығымдау құбырларын шығару үшін "Стаэр мұнай жабдықтарын шығаратын Синьцзян зауытының" технологиясы қолданылып, мамандары тартылатын болады. Болашақта тағы бір жобаны іске асырып, өнімін Қытайға экспорттау туралы жоспар бар. Айта кету керек, Елбасы мұнайгаз саласында қайта өңдеуді жолға қою жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінгі күні бұл бағытта бірқатар шаралар қолға алынған. 

Индустриалды-инновациялық дамудың екінші бес жылдығы аясында бүгінгі күні өңірде жалпы құны 127 млрд теңгенің 17 жобасы іске асырылып жатыр. Нәтижесінде екі мыңға жуық жұмыс орны құрылуы тиіс. Ал, индустриаландыру картасынан тыс 6,7 млрд.теңге болатын төрт жоба жүзеге асқан.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызмет сапасы бақылауда
20:12, 13 желтоқсан 2017
Мемлекеттік қызмет сапасы бақылауда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
18:11, 7 желтоқсан 2017
Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
Толығырақ...
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
15:14, 11 желтоқсан 2017
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
Толығырақ...