ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

МҰНАЙШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

20:32, 13 қыркүйек 2019

Бүгін "СНПС Ақтөбе мұнай газ" мекемесі елуге жуық мұнайшыларын марапаттады. Қазақстан Республикасы мұнайының 120 жылдығын кеңінен атап өткен ірі кәсіпорынның мерекелік кешіне облыс әкімі қатысты. Сахна төріне алдымен саналы ғұмырын мұнай өндірісіне арнаған ардагерлер көтерілді. 20-ға жуық мұнайшының омырауына облыс әкімі Оңдасын Оразалин "Қазақстан мұнайына - 120 жыл" арнайы мерекелік төсбелгісін тақты. Мерейтоймен құттықтап, мекеменің қызметін ерекше атап өтті.  "СНПС Ақтөбе мұнай газ" компаниясының бас директоры Вэй Юйсян өз кезегінде мекеменің құрметті медалін бірқатар қызметкерлерге табыстап, құттықтауын жолдады. 

ВЭЙ ЮЙСЯН /"СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ" АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ

-Шын жүректен Қазақстанның одан әрі гүлденуіне, Ақтөбенің одан әрі дамуына қызмет етеміз және де облыс тұрғындарына денсаулық пен бақыт тілеймін. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын.     

Бүгінде облыс экономикасының тамырына қан жүгірткен ірі кәсіпорынның өндірісі Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандарында орналасқан. Қара алтынды жер қойнауынан өндіріп жатқан 200-ге жуық жұмыскер де компанияның алғысына бөленді. Мерелік шарада меймандар, ардагерлер алғыстарын білдірді. "Арайлы Ақтөбе" фольклорлық ансамблі мерекелік шараның ажарын ашып, ҚР Мәдениет қайраткері Марат Әйтімов мекеме шаңырағын әнге бөледі.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
21:20, 22 мамыр 2020
"ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
19:21, 18 мамыр 2020
БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
Толығырақ...