ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

МҰРАЖАЙ ЖАҢА ЭКСПОНАТТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

19:09, 10 қаңтар 2020

 Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің қоры бірегей жәдігерлермен толықты. 30 жылдық тарихы бар мұражайда қазіргі таңда 12 мың экспонат бар. Олардың басым бөлігі жергілікті тұрғындардан жиналған. Осы жолы көненің көзі болған қариялардың ұрпақтары олардың жеке заттарын тапсырды.  
Тарихи құнды заттар - ұрпаққа аманат. Шалқарлықтар ата-бабадан қалған жәдігерді музейге жиі тапсырады. Оны 1987 жылы негізі қаланған мұражай экспонатынан көруге болады. Жергілікті тұрғындардан жинақталған 12 000 экспонаттың тарихы тереңде жатыр. Ал қала тұрғыны Жеткерген Елемес әжесінің жасауынан қалған сандығын мұражайға аманат етті. Оюмен өрнектелген бұл ағаш сандық - сол кездегі дәулетті отбасының сыйы екенін айқындайды. Көненің көзі болған жәдігердің бірі Жанаман Ахун Сейтімұлының шапаны мен жейдесі. Оны қорға Шалқар аудандық мешітінің бас имамы тапсырды. Сонымен қатар қылыш, иін ағаш, метеорит сынығы мен екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында оқушы болған шалқарлықтардың дәптері бар. Аудандық музейге келушілердің қатары көбейіп келеді дейді қызметкерлер. 1 айда кем дегенде  1500 адам экспонаттарды тамашалайды.  

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
23:28, 21 ақпан 2020
КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
Толығырақ...