ШҰҒЫЛ! ҮЙ ТОНАУШЫЛАР КӨБЕЙДІ Толығырақ

МУЗЕЙ ҚОРЫ ТОЛЫҚТЫ

18:01, 16 мамыр 2018

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті музейі жаңа экспонаттармен толықты. "Музейге сыйлық" атты акция көненің көзіндей сақталған бірнеше жәдігердің жарыққа шығуына сеп болды.

Халықаралық музейлер күні қарсаңында облыстағы түрлі деңгейдегі мұражайлардың қоры толықты. Мәселен, облыстық ішкі істер департаментінің мұражайына 15  жәдігер тапсырылды. Олардың қатарында тәртіп сақшылары қолданған құжаттар , киімдер және тұрмыстық бұйымдар да бар.

Бүгінгі акцияға үлес қоса келгендердің бірі Анатолий Карачук. Ішкі істер департаментінің ардагері. Оның әкесі мен атасы да ішкі істер органдарында ұзақ жыл еңбек еткен. Жетістіктері де айтарлықтай. Абыройлы қызметтері үшін бірнеше мәрте төсбелгімен марапатталған. Медальдары енді музей сөресінен орын алды.

Кездесуге ішкі істер департаментінің ардагерлері арнайы шақырылды. Қонақтар игілікті істі ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Айта кеткен жөн, бүгінде музей қорында 3000 жәдігер бар.  

Ұлағат Арғын

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
14:09, 15 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
18:32, 15 тамыз 2018
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
Толығырақ...