ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС 15 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ Толығырақ

МУЗЕЙДЕ АТ ӘБЗЕЛДЕРІ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

18:37, 12 сәуір 2019

Ғасырлар мұрасы-халық қазынасы. Облыстық тарихи-өлкетану муйзейінде осындай атаумен ерекше көрме ашылды. Оған 100-ге жуық ер-тұрман жабдықтары қойылды. Ақтөбелік қолөнер шеберлерінің туындылары мейлінше әдемі жасалған. Ат әбзелдерін ауыл балалары ғана емес, қала баласы да білуі тиіс,-дейді көрмені ұйымдастырушылар.

Сұлу әйел, жүйрік ат, құмай тазы... Жігіттің мінген аты мен ер-тұрманына қазақ аса мән берген. Бедел-білігін соған қарап бағалаған. Мұны қазіргі жастар біле бермейді. Ақтөбеде ер-тұрман жасайтын шеберлер бар. Қуандық Жұбаниязов пен Шәку Бөлеков қолынан шыққан туындылар осының айғағы.  

Көрменің ашылу салтанатына 200 ге жуық адам келді. Музей қызметкерлері оларға жәдігерлер жайлы мәлімет берді. Оның ішінде тарихи тұлғалар туралы да ақпараттар айтылды. 

Тоқым, үзеңгі, төсбау, жүген. Мұның барлығы көрмеге қойылып отыр. Ер тұрман салт-атқа мінуге арналған әбзел. Ал ат әбзелдерін жасайтын шеберді-ерші,-дейді. 
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде бұдан басқа жаңадан ашылған "Қазақ хандығы" және "Алтын" залдары жұмыс істейді. Музей қоры жыл сайын 1500-ға жуық жәдігермен толып отырады. 

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
22:06, 20 маусым 2019
ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
21:49, 20 маусым 2019
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
21:41, 20 маусым 2019
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар