ШҰҒЫЛ! COVID-19: 9 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

МЫҢ АЛҒЫС, ДӘРІГЕР!

13:56, 29 шілде 2020

Қазір провизорлық орталықтарға ем іздеп барғандардан гөрі, жазылып, үйіне оралғандар қатары басым. Ақтөбе медицина орталығындағы ақ халаттылардың еңбегі еш кетпеді. Мұнда күніне бірнеше адам сауығып, отбасымен қайта қауышып жатыр. Науқастар да дәрігер нұсқамасын қалт жібермей, бас амандығы үшін жанын салып жүр. Емделуші мен емдеушінің жеткен жетістігі туралы тілшіміз айтып береді. 
Николай Осипик пен Виталий Гуненку Ақтөбе медицина орталығына қатар түсті. Бірдеу ем қабылдады, қатар сауығып келеді. Николайдың әйелі мен ұлы ауырып, үйінде ем алған. Ал, Виталий болса медициналық орталықтың бірінен дерт жұқтырдым дейді. Қазір екеуі де толықтай жазылды. Аяққа тұрғанымыз дәрігерлердің арқасы,-дейді екі ақтөбелік. 
НИКОЛАЙ  ОСИПИК
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ 
Он екі күн болды осы орталыққа түскеніме. Жедел жәрдеммен келдім. Дәрігерлерге алғыстан басқа айтарым жоқ. Медбикелер әрқашан жанымызда болып, ем жүргізді. Әсіресе жылы сөздерін аяған жоқ. Бүгін міне емханадан шығамын, денсаулығым қалыпқа келді.  

ВИТАЛИЙ  ГУНЕНКУ
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бір апта өткен соң өз-өзіме келдім. Мұндағы жағдайымыз жақсы. Палата іші, дәліз бәрі таза, жайлы. Уақытылы ем қабылдап, ас-суымызды ішеміз. Аяққа тұрғызған дәрігерлерге мың алғыс! 
Провизорлық госпитальден емделіп шыққандар көп. Бұл араша болған ақ халаттылардың зор еңбегі. Олар өз өмірлерін қатерге тігіп, адал қызмет етті.    
АМАНДЫҚ ҚАРАҚҰЛОВ
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ 
 Өзім 4 күн үйде емделдім. Жағдайым нашарлай берген соң  осында келдім. Бүгін ауруханада жатқаныма үшінші күн. Дене қызуым түсті, қазір жағдайым жақсарды. Сауығып шығатыныма күмәнім жоқ, өйткені емдеуші дәрігерім, медбикелер де көзінен таса қылмай бақылап, емдеп жатыр. Алғысым зор, ақ халаттыларға сенім артты. 
Білім мен тәжірибе облыстағы дәрігерлердің нәтижелі жұмыс істеуіне сеп болды. Адал еңбек алға жетеледі. Олар алғысқа бөленіп, алдына келген әр тұрғынға сақ болуды, сақтануды үйретті. Әрі қарай да жалғастыру қажет екенін ұғындырды. Тек өз-өзін қорғап, жан-жағына жанашырлықпен қарағанда ғана бүгінгі жетістікті сақтап қалуға болады. Жетістік - амандығымыз. 

ГУЛЬНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСАДЫ
20:00, 4 желтоқсан 2020
ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар