ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

МЫҢ АЛҒЫС САҒАН, ДӘРІГЕР!

18:09, 11 тамыз 2020

 Жағымды жаңалық. Қаладағы жеке клиника жанынан ашылған провизорлық госпиталь жұмысын тоқтатты. Бір ай бойы жөтеліп, тынысы тарылған науқастарды қабылдап, ем жүргізген ақ халаттылар міндеті мұнымен аяқталмайды. Алдағы уақытта ағзасы әлсіреген жандарды сауықтырып, денсаулығын нықтауға көмектеседі. Емдеу орталығындағы жаңа бағыт туралы Әсем Самбаева айтып береді. Байзақ Омаров провизорлық орталыққа 2 апта бұрын жедел жәрдеммен түскен. 2 күн учаскелік дәрігердің нұсқауымен ем қабылдағанымен, жағдайы аяқ асты нашарлаған. Дене қызуымен қатар қан қысымы да көтеріліп кеткен. Осы күнге дейін денсаулығына еш шағымданбаған қарияға  екі жақты өкпе қабынуы диагнозы қойылған. Госпитальге түскен күннен бастап дәрігерлер хаттамаға сәйкес  ем жүргізіп,  1 аптадан кейін тыныс алуы қалыпқа келді. Ол 174 орынға шақталған провизорлық орталықтың ең соңғы емделушісі. Госпиталь ресми түрде жабылғанымен, жаңа бағытта жұмысын жалғастырады. 
 Індетпен күреске жұмылдырылған медицина мамандары науқастың аурудан айығуына барын салды. Провизорлық орталық дәрігерлері вирустық инфекция асқынған уақытта қызметке  алдықты алдыңғы орынға қойды.  
Облыста алдымен медициналық университеттің жатақханасындағы провизорлық орталық жабылды. Бұл екіншісі. Эпидемиологиялық ахуал жақсара түссе, осы бағыттағы емдеу мекемелері кезегімен жұмысын тоқтата береді. 


Әсем Самбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...