ШҰҒЫЛ! МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

МЫҢНАН АСТАМ КӨШЕТ - СЕНБІЛІКТІҢ ЖЕМІСІ

17:19, 15 сәуір 2019

Өңірде екі айлық сенбілік жарияланды. Қаламыздың тазалығы мен көгалдануына бүгінде жергілікті билік өкілдері мен жастар ат салысуда. Өткен сенбіде саябақтар мен медицина ғимараттарының аулаларында мыңнан астам тал егілді. Игі шарадан қала тұрғындарының да қалыс қалмауы сұралады.

Батыс ықшам ауданында орналасқан "Орынбор аллеясы" бірнеше жылдардан кейін жасыл желекке оранбақ. Өткен сенбіде қала басшылығы мен жастар осы жерде 150 көшет отырғызды. 

"Құтты мекен Ақтөбе жасыл қала" акциясына қатысқан 300-ге жуық студент Жұбанов университетінің тәлімгерлері. Олармен бірге қолдарына күрек ұстап оқытушылар қауымы да келді. "Атадан мал қалғанша тал қалсын" дейді олар. Жастар болса тал егу науқанына белсенді ат салысып, қырқылып қалған ағаштардың орнын толтырмақ ниетте. 

Медицина қызметкерлері де тазалық акциясынан, көгалдандыру шарасынан тыс қалған жоқ. Бұл күні олар емханар ауласына 1000-нан астам тал отырғызды. Тамыр алып, жас көшет өсіп кеткенше ақ халаттылар қамқор болады.

Осы көктемде қалада 15 мың жасыл көшет отырғызу жоспарланған. Қаланы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары ән сенбі сайын жалғасады. Оған мемлекеттік қызметшілердің барлығы ат салыспақ. Жергілікті билік екі айлық сенбілікке қала тұрғындарын да тыс қалмауға шақырады. 

Тақырып бойынша материалдар

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ
19:32, 24 сәуір 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ВИЦЕ-АДМИРАЛ Ж.ЖАНЗАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
18:36, 24 сәуір 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ВИЦЕ-АДМИРАЛ Ж.ЖАНЗАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН ӘКІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
19:06, 19 сәуір 2019
БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН ӘКІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ
17:29, 23 сәуір 2019
МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...