ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Толығырақ

Ақтөбеде наурыз мейрамы 30 күн тойланады

19:10, 13 наурыз 2018

4 мың литр көже, тонналаған палау мен бауырсақ.  Ақтөбе өңірі наурыз мейрамын тойлауға  дайындықты бастады.  Мерекені ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспары бекітілді. Бұл туралы бүгін  арнайы өткізілген баспасөз мәслихатында жауапты басқарма  басшылары мәлімдеді.

Ұлыстың ұлы күні облыс аумағында 1 ай бойы тойланады. 14-ші наурыз бен 14-ші сәуір аралығында 5 мыңға жуық мәдени-көпшілік шара өтеді. Мейрамның алғашқы шарасы ертең Тұңғыш президент атындағы саябақта "Наурыз, қош келдің" деген флеш-мобпен басталып, "Бауырсақ мерекесі",  "Амал келді, жыл келді" атты "Көрісу" күнімен жалғасады.

Наурыз мейрамы күндері  балалар мен қариялар, мүмкіндігі шектеулі жандар  ерекше назарға алынады. Барлық мекеме-кәсіпорындар, оқу орындары қайырымдылық  акцияларын өткізеді. "Бақытты бала" жобасы аясында бірқатар шара жоспарланды. 21-ші наурызда 1500 балаға  қаладағы мейрамхана, дәмханалар мерекелік  дастархан жаяды.  Сол күні Сәңкібай батыр даңғылындағы жаңа  Батут орталығының ашылуы болады.

21-ші наурызда қала, аудандардың орталық көшелерінде  арнайы жабдықталған керуенмен жарапазан айтылып, халықты құттықтап, наурызды тойлауға шақырады. Наурыз мейрамына орайластырылып, өңірде  20-ға жуық әлеуметтік нысандар халық игілігіне беріледі. 

Шынымен де биылғы Наурыз мейрамы ерекше  тойланатын сыңайлы.  Бұрын соңды болмаған мерекелік шаралардың тізімі сан алуан: түрлі фестивальдар, Домбыра пати, Этно фейшн- ұлттық киімдер флеш мобы, көкпар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізу жоспарланды. Әбілқайыр хан даңғылы бойында 4 мың литр көше, 7 тонна палау, 7 тонна бауырсақ таратылады. 200-ден астам  кәсіпорын қатысқан мерекеде қала бойынша 43 орынға 63 киіз үй тігіледі.

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН  120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ
17:58, 18 қаңтар 2019
ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН 120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
16:31, 18 қаңтар 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
19:19, 16 қаңтар 2019
ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...