ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС 15 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ Толығырақ

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ

14:34, 15 сәуір 2019

Наурыз көже асылып, ұлттық ойындар дәріптелді. Талғат Бегелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының ұжымы көппен бірге ұлыстың ұлы күнін қарсы алды. Киіз үйлер тігіп, концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Ақтөбеліктер болашақ ұшқыштармен дастархан басында жүздесіп, қызықты әңгімелерін тыңдады. 
   

Әскери институт ұжымы жыл басы - наурыз мейрамын атап өтуге тыңғылықты дайындалған. Сегіз киіз үй тігіп, қонақтарға молынан асылған көже ұсынылды. Ұлттық ойын көкпар көрсетілсе, балалар алтыбақан теуіп мәз болды. Институттың әр бөлімдері дайындаған мәдени бағдарлама жоғары деңгейде өтті. "баланы бесікке бөлеу", "тұсау кесу", "құда түсу" дәстүрлері мен әдет - ғұрыптар кеңінен дәріптелді.  

Мерекелік шара оқу орнының шеру алаңында өтті. Бұл осы ұжымның былтырдан бері қалыптастырған игі дәстүрі. Әрі келушілердің қатары өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда артып, 10 мыңға жуықтады. Ақтөбеліктер ұлттық тағам түрлері қойылған дастарханнан дәм татып, облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламаның көрді.    

Ұлыстың ұлы күніәнен арналған мерекелерік шаралар биыл өңірде көрісу күні - 14 наурызда басталып, бір айға созылды. Осы аралықта Ақтөбе мен облыстың барлық аудандарында, ауылдарда мейрам кең көлемде аталып өтті.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
22:06, 20 маусым 2019
ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
21:49, 20 маусым 2019
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
21:41, 20 маусым 2019
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар