ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

НАУРЫЗ ТОЙЫ БАСТАЛДЫ

19:41, 19 наурыз 2019

Ақтөбеде наурыз мейрамына орай, мерекелік шаралар өтуде. Соның бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналды. "Анаға тағзым" орталығында ұйымдастырылған бағдарлама барысында, халқымыздың салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды.

Мерекелік бағдарламаны ұйымдастырған "Алаш" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері. Қазақстанның еңбек ері Құрайлай Бәйменованың тәлім-тәрбиесін көрген олар қоғам өміріне белсенді араласып келеді. Бүгінгі шараны олар жергілікті билік өкілдерімен бірге өткізді.   

Шара барысында, халқымыздың ұлттық дәстүрлері мен музыкасы дәріптелді. Жас өнерпаздар жетіген тартып, көпшіліктің назарын аударса, белгілі айтыскерлер сахна төріне шықты. Тұсау кесу салты да дәріптелді. Наурыз мейрамына орай, қаншама әншілер мен бишілер, еріктілер, өнер адамдарының басын қосқан ұйымдастырушылардың белсенділігіне қонақтар да тәнті болды. Өздерінің жүрек жарды тілектерін жеткізді.

Бірлестік белсенділерінің алға қойған жоспарлары да көп. Соның бірі таяу уақытта іске аспақ. "Нұр Отан" партиясы мен өзге де мемлекеттік органдардың қолдауымен Астана ауданы әкімдігінің бірінші қабатында коворкинг орталығы ашылатын болады. 
Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар