ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Н.БАЙҒАНИННІҢ ТУҒАНЫНА 160 ЖЫЛ

19:31, 29 қаңтар 2020

 

Өңірдің тарихи тұлғалары. Билер, батырлар мен жыраулар. Бұларды жеткіншектер білуі шарт. Бүгін Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында "Мәңгі сөнбес жарқыраған шырақтай" атты әдеби кеш өтті. Оқушыларға халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің өмірбаяны мен шығармалары  таныстырылды. Биыл жыраудың 160 жылдығы. Кітапхана ұжымы осыған орай бірнеше шара ұйымдастырмақ. Кеш барысында балалар "Нарқыз" жырын домбырамен орындап, сахналанған көрініс те қойды. Ал шараның қонақтары - мәдениет қайраткері Еркін Құрманбеков пен ақынның келіні Манар Байғанина Нұрпейіс Байғанин жайлы әңгімелер айтып, деректерімен бөлісті. Кейін балаларға кітап көрмесі ұсынылды. Айта кетейік, биыл "Оқы, ақтөбелік өренім" облыстық оқу марафонына Нұрпейіс Байғаниннің шығармалары таңдалып отыр. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

21:27, 19 ақпан 2020
ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
Толығырақ...